Международный универстет астана


Дәрістік сабақтың қысқаша мазмұны



бет18/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Дәрістік сабақтың қысқаша мазмұны:

1 Деңгейлеп оқыту технологиясының мәні

Деңгейлеп оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдарды берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданылады. Бұл технологиялардың оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер жүзеге асыралады.

1. Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.

2. Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.

3. Берілген білімді пысықтау.

4. Оқушының білімін тексеру, бақылау.

5. Шығармашылық қабілетін арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, білім қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен материалды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет