Ауыз қуысы және тіс күтімі
Пациенттер күніне кем дегенде 2 рет тістерін тазалап, әр тамақтанғаннан кейін аузын шайып отыруы керек. Ауыр науқастар күніне 2 рет антисептикалық ерітіндімен аузын және тістерін шаюы керек.
Ауыз қуысын шаю
Қолда: орамал, лоток, стакан, антисептик ерітіндісі(5% калий перманганатының ерітіндісі).
Іс-әрекеттің алгоритмі:
Ауыз қуысын сүрту
емделушіден аузын кең ашуын сұрау
антисептик ерітіндісі сіңірілген мақтаны қысқышпен немесе пинцетпен алып, мақтаны ауыстырып отыру
антисептик ерітіндісі сіңірілген мақтаны қысқышпен алып, тістің ішкі және сыртқы жақтарын сүрту, тісті ашып тұру үшін, қалақша қолданып іс-әрекет аяқталғаннан кейін емделушінің ауыз қуысын қайнаған сумен шаю керек.
Көздің күтімі. Көзден бөлінген заттар кірпіктерді жапсырады, сондықтан, көзді жуып отыру керек.Орындалу алгоритмі:
Қолды жуу
8-10 залалсыздандырылған шариктерді сулау керек
Тампонды сығып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек
4-5 рет қайталау керек
Құрғақ тампондармен құрғату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |