«Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады.
«Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды.
«Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді.
Емдеу сауықтыру ұйымдарында М.И.Певзнер ұсынған 15 диета қолданылады.