Сауықтыру тамақтандыруды ұйымдастыру
Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – комплексті емдеудің ең маңызды элементі. Әдетте, ол емдеудің басқа әдістерімен (фармакотерапия, физиотерапевттік ем-шаралар) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда ас-қорыту жүйесін немесе зат алмасу процестерін емдегенде емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.
Тәуліктік емдеу рационын диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, оның кезеңдеріне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді.
Кез-келген диета емдік тамақтандырудың келесі негізгі принциптерімен сипатталуы керек:
Калориялығы және химиялық құрамы (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендердің белгілі мөлшері);
Тағамның физикалық қасиеттері (көлемі, салмағы, температурасы, консистенциясы);
Рұқсат етілген тағамдардың толық қамтылуы;
Тағамды өңдеудің ерекшелігі;
Тамақтану тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |