Науқасты қырындыру. Науқасқа Фаулер қалпын беру керек. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны аламыз. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағу қажет. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындыру керек. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғату қажет.
Науқасты бақылап, оның жеке бас гигиенасын сақтау оңай емес. Бұл баптылықты, мұқияттылықты, аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан, науқасқа тиесілі қызмет атқару үшін, оны орынды емдеу үшін, біз науқастың жеке бас гигиенасын сақталуын білуге міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |