Төртінші кезең: жоспарланған мейірбикелік араласуды жүзеге асыру
Мейірбикелік араласу - бұл мейірбикенің пациенттерді күту жоспарындағы мақсатқа жетудегі әрекеті. Мейірбикелік араласу үш түрге бөлінеді.
Тәуелді- дәрігерлердің тағайындауы бойынша жасалады, ол ауру тарихына жазылады (пациенттің картасы). Тәуелсіз мейірбикелік араласуды мейірбике стандарт бойынша және нұсқаулыққа сәйкес, тікелей медициналық тағайындаусыз, өз бетінше жүзеге асырады. Өзара тәуелді мейірбикелік іс-шараларды мейірбике басқа күтушілермен бірлесе отырып жасайды. Бұл дәрігерлер, басқа медбикелер, ЛФК нұсқаушысы, массажист, психолог, әлеуметтік қызметкер, диетолог, физиотерапевт болуы мүмкін.
Төртінші кезеңдегі мейірбикелік үрдіс мейірбике науқасқа тікелей белгіленген жоспарды сақтай отырып қарайды. Жоспарды іске асыру - бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекеттерді тікелей жүзеге асыру. Мұнда келесі талаптар бар: