Мейірбикенінің рентген кабинетіндегі іс – әрекет алгоритмі: Науқасты рентген кабинетінде суретке түсіреді
Науқасқа өт айдау үшін (20 г бір стакан қайнатылған суға) сорбит беріңіз
Белгілі бір уақыт өткен соң науқасты тағы суретке түсіреді
Рентгенологиялық зерттеу барысында мейірбике кабинеттен шығып кетеді
Науқасты бөлмесіне жеткізу
Тыныштықты қамтамасыз ету керек
Науқасты көктамырішілік холеграфияға дайындау Өт жөне өт жолдарының рентгенологиялық зерттеуі – ол бауырдың өтпен бірге құрамында йод бар заттарды бөлуіне негізделген аспаптық зерттеу түрі .
Холеграфия парентальды жолмен коснтрасты затты енгізуге (билигност, билиграфин, эндографин ) енгізуге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: бауырдың, өттің, өт жолдарының орналасуын, формасын, үлкендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Көрсеткіштері: өт және өт жолдарының ауруларында
Қарсы көрсеткіштері: дене температурасының жоғарлауымен ерекшеленетін жедел бауыр ауруларында, гемморагиялық диатезда, йод препараттарына жоғары сезімталдық пен тиротоксикоз.
Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық реакция беру
Дайындау керек: құрамында йод бар 20 – 30 мл констрастты зат, көктамыр ішілік иньекцияға арналған жабдықтары бар лоток, анафилактикалық шокқа қарсы жинақ, жолдама (зерттеу түрі, аты – жөні, жасы, мекен – жайы, тел. номері, ауру тарихы, диагноз, зерттеу күні). Холеграфияны дәрігер жүргізеді
Іс – әрекет алгоритмі: Алдағы зерттеу туралы науқасқа мәлімет беріңіз
Науқастан рұқсат алыңыз
Констарсты затқа сезімталдықты проба жасау арқылы тексеріңіз
зерттеуге дейінгі 1 – 2 сағат бұрын көк тамырға 1,0 мл 37 ° С жылытып, контрастты затты енгзіңіз
Зерттеу таң ертең аш қарынға жүргізілетінін айту
Зерттегуе 2 сағат қалғанда тазалау клизмасын жасаңыз
Науқасты уақытылы ауру тарихымен рентген кабинетіне апарыңыз