Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзінің (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.
Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.
Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.
Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Науқасты ирригоскопияға дайындау.
Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.
Достарыңызбен бөлісу: |