Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.
Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.
Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Пероральды холицистографияға науқасты дайындау Өт жөне өт жолдарының рентгенологиялық зерттеуі – ол бауырдың өтпен бірге құрамында йод бар заттарды бөлуіне негізделген аспаптық зерттеу түрі .
Холицистография пероральды жолмен коснтрасты затты енгізуге (билитраст, холевид, селектан, теленак, т.б.) енгізуге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: бауырдың, өттің, өт жолдарының орналасуын, формасын, үлкендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Көрсеткіштері: өт және өт жолдарының ауруларында
Қарсы көрсеткіштері: дене температурасының жоғарлауымен ерекшеленетін жедел бауыр ауруларында, гемморагиялық диатезда, йод препараттарына жоғары сезімталдық пен тиротоксикоз.
Дайындау керек: констрастты зат (20г дене салмағына 1 г), тәтті шәй, 20 г сорбит, анафилактикалық шокқа қарсы жинақ, жолдама (зерттеу түрі, аты – жөні, жасы, мекен – жайы, тел. номері, ауру тарихы, диагноз, зерттеу күні)
Холицистографияны дәрігер жүргізеді
Іс – әрекет алгоритмі: Алдағы зерттеу туралы науқасқа мәлімет беріңіз
Науқастан рұқсат алыңыз
Науқасқа контрасты зат әсерінен жүрек айну мен іш өтуі болуы мүмкін деп ескертіңіз
Зерттеу таң ертең аш қарынға жүргізілетінін айту
Зерттеу алдындағы күні науқас клетчаткасы аз тағамнан тұратын диета ұстану керек (капуста, көкеністер, нан)
Кешкі 17 – 19 сағат аралығында науқас констрасты затты қабылдайды. 0,5 г нан бір сағат аралығында әр 10 минут сайын тәтті чаймен ішіп отыру керек.
Науқасты уақытылы ауру тарихымен рентген кабинетіне апарыңыз