Науқасты тасымалдау
Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.
Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен) тасымалдау
Іс-әрекет алгоритмі:
Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек
Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастын басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.
Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.
Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.
Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімщеге жіберілді деп хабар береді.
Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.
Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш- каталкамен тасымалдау
Мейірбике аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай енкейтеді.
Аяққа арналған тірегішке науқастын тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.
Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтіреді
Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш- каталканың шынтақ сүйектін маңынан шықпауы керек.
Қауіпсіз ауруханалық орта
Науқасты фаулер қалпына жатқызу
(жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу бір медбикемен орындалады.
Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.
Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.
Достарыңызбен бөлісу: |