Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.
Іс-әрекет алгоритмі: Төсектегі дренажды қалыпты жасау мақсатын науқасқа түсіндіріңіз (қақырық өз бетімен бөліну үщін).
Емшараға науқастын келісімін алыңыз.
Түкіргішті даярлаңыз, түкіргіштін -1/3 -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз (5% хлорамин ерітіндісі), егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса).
І – қалып. Квинке дренажды қалпын жасаңыз. Еден деңгейіннен 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз
( орнықты тіректі қолдану)
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет қайталаңыз.
Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз ( науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
ІІ-қалып. Щиттің үстіндегі төсекке науқасты жатқызыңыз. Жөтел пайда болып, қақырықтың бөлінген соң өз өсіне айнала тұлғаны бұру қажет екенін науқасқа түсіндіріңіз. Жөтел пайда болу және қақырық бөліну үшін ,терең дем алу және тездетіп дем шығаруын істеу қажет.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтын көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.
10-15 минут үзіліспен емшарашы 3-5 рет қайталаңыз.
ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз. Кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.
ІV-қалып. Тізе - шынтақ қалпын науқасқа алуын ұсыныңыз. Төсектегі науқастын жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Төсекте жатқан науқасқа әдеттегідей (ыңғайлы) қалыпты беріңіз.
Қақырыққа және түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, зарарсыздандыру регламентеген ерітіндінің біреуімен жүргізіледі. Мысалы 5% хлорамин ерітіндісімен 4 сағатқа әсер ету уақытына тұрады.
Емшараны орындаған және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасайды.
Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты науқаста жағымсыз сезім щағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз).