Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.