VIII. Дәрі-дәрмектерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру
Таблетканы,капсуланы,дражені,пилюляны қолдану Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі:дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюляны (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.
Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, (дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа дәрі-дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.
Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.
Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны науқастың тілінің түбіріне салыңыз.
Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.
Ескерту: қабығы бар таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;
науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;
дражелер, капсулалар, пилюлялар өзгермеген түрде қолданылады.
ашқарынға тағайындалған дәрі-дәрмектерді таңертеңгі тамаққа 30-60 минут бұрын қалғанда үлестіру керек;
тамаққа дейінгі тағайындалған дәрі-дәрмектерді тамақ қабылдағанға дейін 15 минут бұрын үлестіру керек;
тамақ қабылдаған уақытқа тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақпен ішеді.
тамақтан соң тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақты қабылдағаннан кейін 15-20 минут аралығында ішуі керек.
ұйықтататын дәрі-дәрмектерді науқасқа ұйқыға дейін 30 минут қалғанда береді.