Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ТҮрлері әдістемелік ұсыныс түсіндірме жазба


-қосымша «Балабақша» өтпелі тақырыбына сәйкес жобалық әрекеті «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз» Жоба мақсаты



бет5/6
Дата03.12.2023
өлшемі45,53 Kb.
#132995
1   2   3   4   5   6
1-қосымша
«Балабақша» өтпелі тақырыбына сәйкес жобалық әрекеті «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз»
Жоба мақсаты: баланың шығармашылық әлеуетін дамыту және оның өздігінен іске асыруға жағдайлар жасау мәселелерінде мектепке дейінгі ұйым және отбасының қызметін біріктіру.
Міндеттері:
- әрбір баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;
- жоба қатысушылары үшін байқау шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы өзара түсіністік, эмоциялық өзара қолдау, шығармашылық атмосфера құру;
- тәрбиеленушілер мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын қалыптастыру;
- ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру;
- жеке педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімдерін қолдау.
Жоба қатысушылары: мектепке дейінгі ұйым педагогтері, балалар және олардың ата-аналары Жүзеге асыру мерзімі: үш ай
Күтілетін нәтижелер:
- балалар, ата-аналар және педагогтер арасында оңтайлы эмоциялық қарым- қатынас ортасын құру;
- бірлескен байқауда балалар мен ата-аналардың креативтік қабілеттерін дамыту;
- отбасында ересектер үшін де, балалар үшін де ортақ қызығушылықтың пайда болуы;
- ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру;
- бірлескен іс-шараларды өткізуде ата-аналардың қатысу үлесінің өсуі.
Жұмыс кезеңдері
І. Дайындық кезеңі
Педагогикалық әрекет:
- ата-аналардан сауалнама алу;
- байқау шараларын жоспарлау және әзірлеу;
- байқау сценарийін құру;
- МДҰ алдыңғы өткізген байқауларынан фотокөрмелер рәсімдеу;
- топтың ата-аналар бұрышында афиша орналастыру.
Ата-аналармен байланыс:
- сценарийлерді талқылау;
- «Шығармашылық қабілеттерді дамыту» тақырыбында кеңес беру;
- «Шебер қолдар» практикумы;
- байқауларға арналған костюмдер, музыкалық аспаптар, декорациялар жасау бойынша шығармашылық шеберхана.
Балалармен жұмыс:
- көркем шығармаларды оқу;
- тақпақтар мен мәтіндерді жаттау;
- өлеңдер мен билерді үйрену;
- иллюстрацияларды қарау;
- байқау тақырыптарына сәйкес алдын ала жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет