Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет5/16
Дата19.12.2022
өлшемі57,14 Kb.
#58121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
4-тарау. Объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

60. Жыл сайын объектілерде ағымдағы жөндеу жүргізіледі.


61. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде авариялық жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізуге жол берілмейді.


62. Терезелерде, желдету үшін ашылатын желкөздерде, фрамугаларда москит торлары және қорғаныш құлыптары орнатылады.


63. Объектілердің аумағы және қоршау сыртындағы оған іргелес аумақ таза ұсталады.


64. Объектілердің барлық үй-жайлары мен жабдығы таза ұсталады. Медициналық үй-жайларды, ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалайды. Дәретханаларда едендер, есік тұтқалары, крандардың шүмектері, раковиналар және унитаздар күнделікті дезинфекциялануға жатады.


65. Дәретханаларда балаларға арналған унитаздар, жуынатын раковиналар, қол жууға арналған құралдары бар иілмелі шлангісі бар гигиеналық табандық, жеке ұяшықтары бар балалардың орамалдарына арналған қабырғаға ілінетін немесе аспалы ілгіштер, шомылуға арналған ванналар, шаруашылық шкафтары және ағызу жүйесі орнатылады.


66. Персоналға арналған дәретханаларда унитаздар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдары бар жуынатын раковиналар, қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.


67. Санитариялық аспаптардың саны мен өлшемі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көзделеді.


68. Түбектер пайдаланылғаннан кейін тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Таза түбектер дәретханаларда, жеке таңбаланған ұяшықтарда сақталады. Түбектерді сулауға арналған сыйымдылықтар таңбаланады.


69. Алты айға дейінгі балаларға арналған сәбилер үйлерінде топтық үй-жайларда манеждер мен құндақтау үстелдері орнатылады. 1 жастан асқан балаларды тамақтандыру аймағын тамақтандыруға арналған үстелдермен жабдықтайды.


70. Сәбилер үйлеріндегі топтардағы құндақтау үстелдері, балалардың жаялық клеенкалары, манеждердің жабыны, ойын жабдықтары күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып өңделеді, нәжіспен ластанған жағдайда қосымша дезинфекциялау жүргізеді.


71. Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.


Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ертіндіні дайындау күні көрсетіле отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары, жұмысшы ерітінділері балалардың қолы жетпейтін орындарда сақталады.


72. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, жөкелер, шүберектер) таңбаланады және жеке үй-жайларға (санитариялық тораптар, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақтану залы, топтық үй-жайлар) бекітіледі, арнайы бөлінген үй-жайларда (орындарда) сақталады. Санитариялық тораптарға арналған жинау мүкәммалының сигналды таңбасы болады.


73. Жыл сайын көктем мезгілінде ойын алаңдарында құмды толық ауыстыру жүргізіледі. Жаңадан әкелінетін құм паразитологиялық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша нормалау құжаттарына сәйкес келеді. Зертханалық зерттеулер нәтижелері нормалау құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда құмды кезектен тыс ауыстыру жүргізіледі.


74. Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған, тазалауға және дезинфекциялауға жеңіл су өткізбейтін жабыны бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады.


Көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылған МДҰ-ның қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғыштары немесе контейнерлері пайдаланылады.


75. Объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің, басқа да буын аяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет