Мемлекет Билеушінің лауазымы


АТАҚТЫ КӨПЕСТЕР МЕН ПОМЕЩИКТЕР (1-бет)



бет12/17
Дата27.12.2022
өлшемі272,6 Kb.
#59829
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
АТАҚТЫ КӨПЕСТЕР МЕН ПОМЕЩИКТЕР (1-бет)
Строгановтар – орыс көпестерi.
1. ХVI ғасырда Оралда зауыт салудың негiзiн қалаған, Ермактың (Жармактың) Батыс Сiбiрге жорығын ұйымдастыруда шешушi рөл атқарған.
2. Қазақтармен сауда-саттық жүргiзудi жандандырып, күшейте түскен. Орта жүз қазақтарының көпес Строгановтармен сауда байланыстарының болғаны мәлiм.
Кубриндер
Ақмола, Атбасар және Қарқаралы уездерiн қажеттi тауарлармен қамтамасыз етiп тұрған әйгiлi Константинов жәрмеңкесiн қадағалап отырды. Олар Константинов қаласында көптеген дүкен ұстады.
Юсупов пен Безбородко - Ресей помещиктерi
Каспий теңiзi жағасында көлемi орасан зор жер телiмдерi болды. Жайық әскери кеңесi Үлкен және Кiшi Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерiнiң төңiрегiндегi жерлердi өз пайдасына басып алды.
Варкав Ботов – орыстың белгiлi ялуторлық көпесi.
1. 1848 жылы Қарқаралы маңында Ботов (Қоянды) жәрмеңкесiнiң негiзiн қалады.
Деров Артемий Иванович (1856–1921)
1. І дәрежелi (гильдиялы) павлодарлық көпес, Павлодар қаласының құрметтi азаматы, қайырымдылық шараларын жасаған белгiлi адам.
2. Оның Қоянды жәрмеңкесінде үлкен жеке дүкенi ашылды.
3. Ертiс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам Қосым Пiшенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерiн iздеушi және маркшейдер болып жұмыс iстедi
АТАҚТЫ КӨПЕСТЕР МЕН ПОМЕЩИКТЕР (2-бет)
Жандыбайұлы, Жетiкұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы – ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде сауда-саттық операцияларына барынша белсене қатысқан қазақ көпестерi.
Уәли Ахун Юлдашев - Верныйдың ауқатты ұйғыр көпесi
1882 жылы В.А.Юлдашев және инженер Поклевский Колпаковскийдiң қолдауымен Англиядан кеме алдырды
1883 жылы көпес Iле өзенi арқылы тiкелей су жолын ашты.
1883 жылы 4 мамырда 20 мың пұт астық тиеген кеме Қытайдың Сүйдiн бекiнiсiне жетiп, 20сында Iле қонысына қайтып оралды.
Н. Ушаков, А. Рязанов - Ресей кәсiпкерлерi ХIХ ғасырдың 40-жж қазақтардан Қарағанды көмiрi кен орындарын, Успенск мыс кенiштерiн, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кенiштерi аймағын өте арзанға сатып алды.
Нерпин 1809 жылы Тара қаласынан 5000 сомға әртүрлi тауарлар жеткiзіп, Бұқтырманы басып өтiп, Қытайдың Шәуешек қаласында тауарларын сатып, сол бекiнiске қайтып оралды.
Мирқұрбан Ниязов пен Ахмадий Аширов – Ташкент көпестерi
1812 жылы көпестердің керуенi құны бiр миллион сомға жуық тауарын Құлжа базарларында тиiмдi сатып, пайдамен оралды.
Муминов – Ташкент көпесi
1824 жылы Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда-саттық жүргiзiп, Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргiзудiң пайдалылығына жергiлiктi басқарушылардың көзiн жеткiзуге тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет