Аудан спортын дамытуға орталық стадионды жөндеуге қаржы қаралды. Аудандық бюджеттен



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#1522
  1   2   3

Аудан  спортын  дамытуға  орталық  стадионды 

жөндеуге  қаржы  қаралды.  Аудандық  бюджеттен 

Аманкелді  ауылындағы  және  Тереңөзек  кентіндегі 

№36  мектепке  қаржы  бөлініп,  аулалық  клубтар 

ашылды.

***


Цифрлы  телефондар  пайдалануға  беріліп, 

мектептегі  балалардың  тынығу  орындарын 

жабдықтау мәселесі шешімін тапты.

***


7 тұрмысы төмен оқушының оқу ақысын төлеу 

және тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларын 

ыстық тамақпен қамту мәселесі шешілді.

***


Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тара-

лымы 4000-ға жетті. Жергілікті бюджет есебінен 

баспа  кәсіпорнының  ғимараты  жаңадан  са-

лынды.  Жаңа  жиһазбен  қамтылып,  интернет 

жүйесіне қосылды.

***


«Тұрғын  үй»  бағдарламасы  бойынша  төрт 

маманға тұрғын үй кілті табысталды. 

***

Мектепке  дейінгі  балалар  мекемесінің  саны 



онға жетті. Бесарық ауылынан жаңа балабақша 

ашылып, пайдалануға берілді.

***

Кент орталығындағы «Арзан» базар ашылды. 



Коммуналдық  базар  «Демеу»  қорынан  бөлінген 

18 млн. теңгеге салынды.

***

Сауапты  істің  үлкені  –  мешіт  салу.  Осындай 



ізгі іс Аманкелді ауылында орын алды. «Сайыпна-

зар ахун» мешіті салтанатты түрде ашылып, ауыл 

халқының игілігіне берілді. 

Дайындаған Е.БЕРКІНБАЕВ

№85 (8493) 

1 қараша, сейсенбі, 2016 жыл

Мерекелік салтанат

Тәуелсіздіктің 

25

тұғыры


2006-2010 жж.

Мерекелік көңіл-күйде ауыл еңбеккерлері 

көрмені  тамашалап,  салтанатты  шараның 

куәсі  болды.  Бүгінгі  күннің  еңбек  ерлеріне 

арналған  салтанат  сахна  төрінен  көрінген 

диқан  бабаның  кетпенімен  су  бөгеттерін 

ашып  жүрген  көрінісімен  ашылды.  Күріш 

алқабында  бас  қосқан  күрішші  қыздар 

Балдырған  Мұстафаева,  Бексұлу  Синаева, 

Рысты  Өкшебаева,  Райкүл  Жалғасбаеваның 

жастық шақтары, егістік басындағы  еңбектері 

көрініс берді. Алтын жұлдызды еңбек батыры 

Балдырған  Мұстафаеваның  күрішті  баптап 

жүріп  «Бар  еңбегіңді  жерге  берсең,  жердің 

саған  бермейтіні  жоқ.  Аялайық,  Жер-ананы, 

сырлас  замандастарым!»  деген  сөздерін 

қоштаған  Сырдың  атақты  күрішші  қыздары 

еңбекке деген құштарлықтарының арқасында 

ел  құрметіне  бөленді.  Олар  адал  бейнетпен 

еңбек  етіп,  ақ  жүректерімен  халқын  шын 

сүйген нәзік жандылар.

«Дала  сыры»  әніне  ұласқан  мерейлі 

шара қуанышты сәтті одан әрі жалғады. Кең 

даланың  киесі  диқан  бабаның  «Алтын  дән-

сенен  ұлық,  сенен  құдырет,  сенен  қастерлі 

кие жоқ. Алтын кетпен-сен тіршілік тәңірісің. 

Мен  кетпенімді  келешек  болашағымның 

қолына  тапсырамын,  әлі  талай  Сыр  елінің 

мерейі  күрішімен  алтынданып,  арай  күннің 

шуағына  бөленеді»  деп  айтқан  өсиеті  та-

лай  ғасыр  бойы  Сыр  диқаншыларына  азық, 

толағай  табыс  болары  сөзсіз.  Мұнан  соң 

сахнаға  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі 

Күлән Қалымбетова шығып, әйгілі «Сыр елім» 

әнін орындап, көпшілікті шаттыққа бөледі.

Егінжай  ерлерінің  басын  қосқан  «Ал-

тын  дән-2016»  мерекесінде  сырдариялық 

диқандарды аудан әкімі Ғ.Қазантаев толағай 

табыспен құттықтады.

-Халқымыз  «Жер  жомарт,  жерге  сен-

ген ел жомарт, еңбек еткен ер жомарт» де-

ген. Мәуелі күз, міне осы қанатты қағиданың 

биыл  берекесін  танытты.  «Егінді  өсіре  білу 

–  алғашқы  асу  ғана.  Ысырапсыз  жинап  алу 

–  мәре»  деген  Ыбырай  Жақаевтың  дана 

сөзі бар. Даңқты диқанның 125 жылдық ме-

рейтойы  мен  Тәуелсіздіктің  25  жылдығының 

қатар  келуі  еңбеккерлердің  мерейін  өсірді. 

Күміс  дәнін,  астығын,  ырзығын  ысырапсыз 

жинап  алған  бейнеткер  қауым  Тәуелсіздік 

тойына зор тарту жасады,-деді.

Сырдария  ауданы  бойынша  18360 

гектарға  күріш  дақылы  орналастырыл-

ды.  Орташа  есеппен  гектарынан  56,7  цент-

нерден  өнім  алынып,  барлығы  1  млн.  42 

мың  143  центнер  астық  жиналды.  Сыр-

дария  ауданы  облыста  төрт  жыл  үздіктер 

қатарында  келеді.    2013-2014  жылдардың 

қорытындысымен  ауыл  шаруашылығы  сала-

сы бойынша жоғары көрсеткіштерге жеткені 

үшін  облыста  «Үздік  аудан»  атанып,  I-ші 

дәрежелі  дипломмен,  ал  2015  және  2016 

жылдың қорытындысымен Сырдария ауданы 

облыста «Егін шаруашылығы саласында үздік 

жетістіктерге жеткен Озат аудан» номинация -

сымен марапатталды.

Жекелеген  шаруашылықтар  бойынша 

«Мағжан  және  К»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігі  2102  гектар  күріштің  әр  гек-

тарынан  65,0  центнерден  өнім  жинап,  об-

лыс  орталығында  өткен  егін  жинаудың 

қорытындысы бойынша «Озат шаруашылық» 

номинациясыны  III  дәрежелі  дипломы-

мен  марапатталса,  «Қызылдихан»  шаруа 

қожалығының бригадирі Ерғалиев Тахир 290 

гектар күріштің әр гектарынан 91,7 центнер-

ден  өнім  жинап  «Озат  бригадир»  номина-

циясы  бойынша  1,0  млн.  теңге  және  «Мәді 

Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 

күрішшісі  Бихожаев  Ғани  31  гектар  күріштің 

әр  гектарынан  101  центнерден  өнім  алып, 

«Озат күріш өсіруші» номинациясы бойынша 

1,0 млн. теңге сыйлық алды.

«Шаған  Жер»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігінің төрағасы Бердібек Қадіров 2067 

гектар күріштің әр гектарынан 58 центнерден, 

«Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы  

Алданберген Құлбаев 850 гектар күріштің әр 

гектарынан 82,5 центнерден, «Ақжарма және 

ДИҚАННЫҢ МЕРЕЙІН 

ТАСЫТҚАН АЛТЫН КҮЗ

МОлШЫлЫҒЫМЕн 

КЕлгЕн, БЕРЕКЕСі 

ТАСЫҒАн АлТЫн КҮз 

СЫРДАРиялЫҚТАРДЫң 

МЕРЕйін ТАСЫТТЫ. 

БиЫлҒЫ ЖЫлЫ ДА Егін 

ШАРуАШЫлЫҒЫ БОй-

ЫнША «ОзАТ АуДАн» 

АТАнҒАн АуДАннЫң 

ТОлАҒАй ТАБЫСЫ Ел 

ТәуЕлСізДігінің 25 

ЖЫлДЫҒЫнА МОл ТАРТу 

БОлДЫ.


АуЫл ШАРуАШЫлЫҒЫ 

ЕңБЕККЕРлЕРін 

МАРАпАТТАуҒА 

АРнАлҒАн САлТАнАТ-

ТЫ ШАРА АуДАннЫң 

ОРТАлЫҚ АлАңЫнДА 

БАС ТАу АлЫп, МәДЕниЕТ 

ҮйінДЕ ЖАлҒАСТЫ. СЫР 

Елінің ЕңБЕК ЕРлЕРін 

нАСиХАТТАу БҮгінгі 

АҒА ұРпАҚТЫң пАРЫ-

зЫ. СОнДЫҚТАн ДА 

АуДАнДЫҚ КіТАпХАнА 

ҚОРЫнДАҒЫ РуХАни 

АзЫҚ КіТАпТАР МЕн 

фОТОСуРЕТТЕРДЕн 

ЖАСАлҒАн КӨРМЕ Ау-

ДАн ТАРиХЫнАн СЫР 

ШЕРТТі. КӨРМЕгЕ 

ҚОйЫлҒАн ҚАзЫнАлЫ 

МұРА ұРпАҚТАн-

ұРпАҚҚА БЕРіліп, 

КӨзДің ҚАРАШЫҒЫнДАй 

САҚТАлуДА.

К»  шаруа  қожалығының  төрағасы  Қайрат 

нұрсейтов  1000  гектар  күріштің  әр  гекта-

рынан 73,0 центнерден және «Ақжарма-1» 

шаруа қожалығының төрағасы Марат Бисе-

нов 876 гектар күріштің әр гектарынан 73,0 

центнерден Сыр салысын жинады.

Сонымен  қатар,  «Қызылдихан»  ша-

руа  қожалығының  күріш  өсірушісі  Смай-

лов Жанкелді күріштің әр гектарынан 108,6 

центнерден өнім алып, биыл тағайындалған 

«Ыбырай  Жақаев»  атындағы  арнайы  ме-

дальмен марапатталды. 

2016  жылы  ауданда  әртараптандыру 

бағытында  күріштен  басқа  дақылдар  бой-

ынша көрсеткіштер артығымен орындалды. 

Атап айтқанда, Айдарлы ауылдық округіне 

қарасты  «Орда»  шаруа  қожалығының 

төрағасы Мейірбек Тасболатов 100 гектарға 

Ел  ырысы  Сыр  күрішінің  даңқын 

асырып, межеден артық өнім алуды ау-

дан диқандары биыл да жалғастырып, 

аудан  бойынша  29850  гектар  жерге 

ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  ор-

наластырды.  Мұның  ішінде,  Сыр  са-

лысы  өткен  жылға  қарағанда  1395 

гектарға аз егілгенімен, одан алынған 

өнім  қатарынан  екінші  жылда  озат-

тар  көшін  бастауға  сеп  болды.  Соны-

мен  қатар,  басқа  дақылдар  көлемі 

де  ұлғайып,  ауыл  шаруашылығын 

әртараптандыруда 

көрсеткіш 

артығымен орындалып отыр. 

Тереңөзек 

кентіндегі 

Абай 


мен 

А.әлиакбаров 

көшесіндегі 

ауыл 


шаруашылығы 

өнімдерінің 

жәрмеңкесіне  72  көлікпен  азық-түлік 

келді.  Барлығы  24  421  000  теңгенің 

өнімдерін  сырдариялықтар  арзан 

бағада  сатып  алды.  Оның  ішінде,  21 

тонна  ақ  күріш,  10  тонна  күріш  жемі 

сатылымға  түсті.  Сондай-ақ,  70  тонна 

картоп, 60 тонна жуа, 50 тонна сәбіз, 40 

тонна қырыққабат және қауын-қарбыз, 

асқабақ,  қызанақ,  қияр  секілді  бақша 

өнімдері көптеп әкелінді. Жәрмеңкеде 

сүт, ет, балық өнімдері де болса, мал 

азығы болатын шөп, оған қоса отын да 

халыққа қолжетімді бағада болды. 

Басты  жәрмеңкедегі  өнімдер  ар-

зан болған соң көпшілік керекті азық-

түлікті молынан алды. Бақша өнімдерін 

қап-қаптан сатып алып, көлікпен тасы-

ды.  Барлық  ауылдардан  келген  ауыл 

шаруашылығы  өнімдері  түске  дейінгі 

уақытта  өтіп  кетіп,  сырдариялықтар 

мерекеде қыс азығын қамдады.

Е.БЕРКІНБАЕВ

ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

СЕнБінің ТАңЫ 

СЫРДАРиялЫҚТАР ҮШін ЕРЕК-

ШЕ ҚуАнЫШпЕн БАСТАл-

ДЫ. Бұл КҮн ҚАМБАнЫ АлТЫн 

ДәнгЕ ТОлТЫРЫп, КҮРіШТЕн 

ТАу ТұРҒЫзҒАн, АуЫл 

ШАРуАШЫлЫҒЫ ӨніМДЕРін 

ӨнДіРуДЕ МЕЖЕДЕн АСҚАн Ау-

ДАн ХАлҚЫ ҮШін ДҮБіРлі Ду-

МАн, АйРЫҚША МЕРЕКЕ. «Ал-

ТЫн Дән-2016» МЕРЕКЕСінЕ 

ЖинАлҒАн ЖұРТШЫлЫҚ ОСЫ 

КҮні ШАТ-ШАДЫМАн КӨңіл-

КҮйДЕ БОлЫп, ТАңнЫң АТЫ-

СЫнМЕн ЖЫлДЫң БАСТЫ 

ЖәРМЕңКЕСінЕн ҚЫС АзЫҒЫн 

ҚАМДАп АлуҒА КЕлДі.

Жалғасы 2-бетте


2

мерей


№85 (8493) 1 қараша, 2016 жыл

Ой. Пікір

«Торпедо»  сортты  қауын  егіп 

2770  тонна  өнім  алды,  орта 

өнім  гектарынан  277  центнер-

ден келіп, өндірген өнімі Ресей 

мемлекетіне жіберілді. Сонымен 

қатар,  бүгінге  306  гектар  кар-

топ,  186  гектар  көкөніс  және 

320  гектар  бақша  дақылдары 

жиналды.  Тиісінше  картоп-

тан гектарына 207 центнерден, 

көкөністен гектарына 222 цент-

нерден,  бақшадан  гектарына 

277 центнерден өнім жиналды.

Биылғы  науқан  нәтижесі 

Қазақстан 

Республикасының 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

тамаша  тарту  болды.  Себебі, 

бұл  жолы  жиналған  астық 

мөлшері – осы кезеңдегі  ең ірі 

жетістік болып отыр. 

Егін  орағымен  қатар,  аудан 

еңбеккерлері  алдағы  көктемгі 

дала  жұмыстарының  негізін 

бүгіннен  бастап  қолға  алу-

да.  Сапасы  жоғары  5140  тон-

на  тұқым  қоры  әзірленіп, 

қысқа қажетті мал азығы қоры 

жасақталды.

Ел  президенті  нұрсұлтан 

әбішұлы  назарбаевтың  агро-

өнеркәсіп  кешенін  қолдау  жө-

ніндегі  ерекше  талаптары-

на  сәйкес  биыл  ау данның 

ауылшаруашылық 

құры-

лымдары  бюджеттен  барлығы              



733,0  млн.  теңге  субсидия 

алды.  Алдағы  уақытта  да  ау-

дан  еңбеккерлері  Мемлекет 

Басшысының  елімізде  азық-

түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету  және  экспорттық  әлеуетін 

арттыру бағытында алға қойған 

міндеттерін  толық  орындайты-

нын нық сенім бар.

– 

Мемлекет 



басшысы 

нұрсұлтан  әбішұлы  назар-

баев  айқындаған  «100  нақты 

қадам» ұлт жоспары  еліміздің 

мемлекеттігін  нығайтуға,  күр-

делі  кезеңнен  сенімді  өтуге 

жағдай туғызып келеді. Аталған 

бағытта  Елбасы  әрдайым  ауыл 

шаруашылығы  саласын  назар-

дан  тыс  қалдырған  емес.  Осы 

орайда,  Сырдария  ауданының 

диқандары  да  биылғы  жылы 

қазақстандық  астыққа  ай-

тулы  үлес  қосты.  Осынау  Ел 

байлығын  молайтудағы  ерек-

ше  табыстарыңыз  құтты  бол-

сын! Халық игілігі үшін жасаған 

жұмыстарыңыз әрдайым табыс-

ты,  берекелі  болсын,  ағайын,- 

деді аудан әкімі. 

Жер, еңбек, адам бірі-бірімен 

тығыз  ұғымдар.  Бұл  үшеуі 

еліміздің  бүгіні  мен  ертеңінің 

еңсе  тұғыры,  елдің  ырысы  мен 

несібесі.  Қасиетті  Жер-Анаға 

бітік  егін  егіп,  еңбек  биігінен 

көрінген 

еңбеккерлердің 

ерлігі  ұрпаққа  үлгі-өнеге.  «Ал-

тын  дән-2016»  мерекесі  осын-

дай  тұғырдың  қорытындысы 

іспетті ұлық мейрам. Аудан бас-

шысы  егін  жинау  науқанында 

озаттар  қатарынан  көрінген 

шаруашылықтарды, 

оның 


төрағаларын,  ауданның  егін 

шаруашылығын  дамытуға  үлес 

қосқан  аудан  озаттарын  ау-

дан  әкімінің  «Алғыс  хатымен», 

бағалы сыйлықтармен марапат-

тады.


Жылдағы  дәстүр  бойынша 

аудан  әкімі  2016  жылғы  «Егін 

шаруашылығы  бойынша  озат 

аудан»  жүлдесін  ауданның 

ардақтысы,  аудандық  арда-

герлер  кеңесінің  төрағасы 

Х.әбенұлына 

табыстады. 

Ауыл  еңбеккерлеріне  аудан 

әкімінің ықылас гүлі ұсынылды. 

Ел  байлығын  еселеп  жүрген 

еңбеккерлерге арнап ауданның 

өнерпаздары әннен шашу шаш-

ты. Мерекелік шарада Қазақстан 

эстрадасының  жұлдызы  Алты-

най  Жорабаева  ән  айтып,  кеш 

иелеріне  керемет  көңіл-күй 

сыйлады.  Ырыс  пен  берекенің 

шаттық  шырайы  болған    мере-

ке  Е.Хасанғалиевтың  «Атаме-

кен»    әнімен  аяқталды.  Кемел 

елдің  бүгінгі  ұрпағы  осылайша 

жарқын  болашаққа  қадам  ба-

сып, аудан абыройын асырды.

Аудан 

еңбеккерлерінің 



құр            метіне  осы  күні  кешке 

Қазақстанның  эстрада  жұл-

дызы  А.Жорабаева  және  об-

лыс,  аудан  өнерпаздарының 

қатысуымен  гала-концерт  өтті. 

Мерекелік  концерттің  соңы  от 

шашуға ұласты.

Б.ЖАНӘЛІ 

ДИҚАННЫҢ МЕРЕЙІН 

ТАСЫТҚАН АЛТЫН КҮЗ

Басы 1-бетте

Халқымыз даналығымен «Ата дәстүрі мен 

кәсібін  жоғалтқан  ел  азады»  дейді.  Елін  аз-

дырмай,  ата  дәстүрі  мен  кәсібін  адами  асыл 

қасиеттерін  ұрпақтармен  сабақтастыратын 

үлкендер болғандықтан халқымыз үлкендерді 

сыйлап, өсиетін тыңдап өнеге алып өскен.

әрине,  Алла  өмір  берсе  үлкейгісі  келсе 

де, келмесе де есейеді. Ал, үлкендік жасауға 

көбісінің қабілеттері жете бермейді. Үлкендік  

жасау  үшін  «Жасында  аңғарары  көптің, 

үлкейгенде айтары көп» деп ата дәстүрі мен 

кәсібін,  асыл  қасиеттерін  жастай  бойларына 

сіңірулері қажет.

Өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдарының 

басында  қолдан  жасалған  ашаршылықта 

өмірге келіп, 1937 жылы қарапайым қазаққа  

«Халық  жауы»  деп  жала  жапқанының  зар-

дабын шеккендердің өз ауыздарынан естіген 

менің құрдастарым қазақ халқының мың өліп, 

мың  тірілгенінің  соңғы  оқиғасының  куәгері 

болды.


Басқасын  айтпағанда,  Отан  соғысы  жыл-

дары  мен  өзім  қатарлы  буыны  қатпаған 

құрдастарыммен  бірге  елде  ауылдық  жерде 

егіншілер  ортасында  күндіз-түні  жан  азабы-

мен егін егіп, барлық ауыр бейнет пен қайғы-

қасіретті  халықпен  бірге  бөлістік.  Елдегілер 

барлық өндірген өнімін майданға жіберіп, ұлы 

Жеңіске өз үлестерін қосты.

Біз қаншама қиындықтарды көргенімізбен 

сол кездегі шынайы таза табиғаттан нәр алып, 

қаймағы  бұзыла  қоймаған  ата  дәстүрінен 

өнеге алып, кең пейілді, иман жүзді, жомарт 

жүректі, адамгершілігі зор абзал  жандардың 

аясында  бейбастақтық  пен  өнегесіздікті, 

қайрымсыздық  пен  қатыгездікті  көрмей 

өмірден үйреніп, еңбекпен ширап өстік.

Сол кездегі ішсе тамаққа, кисе киімге жа-

рымай,  күндіз-түні  ауыр  бейнетпен  егін  егіп 

жүрген  диқандар  егінін  көптің  несібесі  де 

егіп «пейіліңді кеңге сал, қырманыңды дөңге 

сал» деп егінін жинап, «Алла әуелі көпке бер, 

артылғанын маған бер», «Көп тойынбай елде 

тоқшылық  болмайды»  деп  тілек  тілеп,  үйіне 

қонақ келсе «Таңның асы, тәңірдің мойнын-

да» деп үйіндегі барын қонағына беретін.

Халқымыз  «Өмір  үлкендерге  қысқа  ғана 

өткен шақ, жастарға шексіз болашақ» дейді. 

Мендегі  мақсат  -  үлкендік  парызыммен  осы 

өткен  шағымнан  жинаған  тәжірибем  мен 

өз  ойымды  ел  тағдырын  шешетін  шексіз 

болашақты жастарға айтып, атамыз қазақтың 

асыл  қасиеті  туралы  өсер  жастардың  сана 

сезіміне ой салу.

Ең алдымен, туған жер туралы. «Аққан су 

астындағы топырағына қарап лайланып таза-

рады, адам барлық асыл қасиетін туған жердің 

топырағынан  алады»  дейді.  Шындығында, 

бірнеше  ондаған  ғасырлардан  бері  ата-

бабамыздың қан-терімен тұздықталған туған 

жердің  топырағы  киелі.  Сол  туған  жердің 

топырағында  келешек  ұрпақтардың  да 

ырзық-несібесі жатқандықтан туған жерді ая-

лау - баршаға парыз.

Қазақтың 

ұлы 

даласының 



кеңдігі 

соншалықты,  жер  шарын  бір  тәулікте  айна-

лып  шығатын  күннің  көзі  қазақ  даласының 

үстінде  үш  сағат  кідіреді  екен.  Соншама 

ұлы  даламыздың  байлығы  да  ұшан-теңіз, 

сол  байлықты  сарқа  пайдаланбай  келешек 

ұрпаққа мирас етіп қалдыру адами борыш.

Шыққан  тегіміз  туралы.  Біз  «Малым 

жанымның  садағасы,  жаным  арымның 

садағасы»  деп  малынан  да,  жанынан  да 

адамгершілік  арын  жоғары  ұстап,  ұлы  да-

ланы  иеленіп,  келешек  ұрпағына  мирас  етіп 

қалдырған  өр  мінезді,  кең  пейілді,  жомарт 

жүректі,  шексіз  қабілетті  атамыз  қазақты 

мақтан  етіп,  атамызға  лайықты  ұрпақ 

тәрбиелеуіміз керек.

ұлы 

даламыздың 



түкпір-түкпіріндегі 

қандастарын 

бір-бірімен 

қатыстырып, 

ынтымақ-бірлігін  жарастыру  мақсатында 

атамыз 


қазақтың 

даналығымен 

енші 

алыспағандығының  арқасында,  қонақ  үйсіз, 



асханасыз түйемен, аттылы, жаяу, бір-бірінің 

үйіне қонып, екінші үйіне түстеніп, қыз алы-

сып, ұлттың тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын 

жоғалтпаған.

Атамыз қазақ «Ала қойды бөле қырыққан 

жүнге  жарымайды.  Қан  тамырлы  қазақты 

алалауға да, бөлуге де болмайды. Қасыңдағың 

сұраса келе қарын бөле болып шығады» деп 

исі қазақтың арасындағы байланысты қанның 

тамырына текке баламаған.

Шындығында,  бір  елдің  ұлы  мен  екінші 

елдің  қызы  тіл  табысып,  тұрмыс  құрып,  екі 

ел бір-бірімен құдайындай сыйлайтын құдаға 

айналады. Байланысқан қан тамыры арқылы 

қандары араласып, өмірге сәби келіп, туысқан 

болады.  Міне,  қазағымыздың  ынтымақ-

бірлігін  жарастырып  тұрған  осы  атамыздың 

өсиеті мен дәстүрі.

Кейбір  үлкендер  өсер  жастарға  өнегелі 

тәрбие  беруге  өресі  жетпесе  де  білгішсініп 

«Сендер  ондайсыңдар,  мұндайсыңдар»  деп 

жастардың  жігерін  құм  қылады.  әрине, 

білмеген  жаман,  ал,  білмесе  де  білгішсіну 

одан да жаман, кінәні ең алдымен өзінен іздеу 

адами  асыл  қасиет.  Біз  үлкендер  жастарға 

қандай өнеге көрсеттік?

Кім біледі өзге ұлттың өрескел әдеті мен 

тіршілігіне еліктегендік пе? әлде, ата дәстүрін 

жат санап, нарық жүйесіне көшкендіктен бе? 

Кейбіреулер  ақылмен  тер  төгіп,  игілікті  іс 

жасаудың  орнына  айламен  тапқан  жалған 

олжаға  құнығып,  ата  өсиеті  мен  дәстүрін, 

ұрпақ келешегін естен шығарып, сана сезімі 

тек  жеке  басын  ойлаумен  шектеліп  бара 

жатқан сияқты.

Елдің  келешек  тағдырын  шешетін  кейбір 

жас балалар жауапкершілігін естен шығарып, 

ата  дәстүрінен  ауытқып,  шет  елдің  өздері 

көрмейтін  киносын  көріп,  интернетпен  бүкіл 

әлемді  мағынасыз  шарлап,  жүйкесін  тозды-

рып,  көз  майын  тауысып,  компьютердің  ал-

дынан шықпайды. Қолдарынан ұялы телефон 

түспейді.

Шындығын  айтқанда,  қазір  ата  дәстүрі 

мен  адами  асыл  қасиетін  насихаттайтын 

орталықтар  аз.  Оны  насихаттап  жүрген  ма-

ман да, адам да шамалы. Сондықтан, ең бол-

маса  атамыздың  адами  қасиеттері  туралы 

өсер жастардың сана-сезіміне ой салатындай 

етіп,  той  мен  ас  құдайыны  ұлттық  нақышта 

өткізіп,  өнегелі  өсиеттер  баспа  бетінде  жиі 

жарияланып тұрса деймін.

Біз  ата-бабамыз  аңсаған  егеменді  ел 

болдық  дейміз.  Шындығында,  егемендікті 

алғанымызбен, 

ата-бабамыз 

аңсаған 

ұлттық  нақыштағы  ел  бола  алмай  отырмыз. 

Басқасын  айтпағанда,  қилы-қилы  замандар-

да жоғалтқан ата дәстүрі мен кәсібін қалпына 

келтіре алмай келеміз.

негізгі  күн  көрісіміз  ата  кәсібімәз  су  мен 

жердің бабын тауып, барын алуға, қоршаған 

ортамызды аялауға бүкіл халықтық бетбұрыс 

жасау  орнына,  өзге  ұлттарға  еліктеп  инвес-

тиция,  бизнес  тағы  басқа  толып  жатқан  ата 

дәстүріне жат іс әрекететтерді насихаттаумен 

келеміз.


Расында,  барлық  халқымыз  шарапатты 

ой  ойлап,  шарапатты  сөз  сөйлеп,  шарапат-

ты  іс  жасаса,  бүкіл  Қазақстан  дамыған  елге 

айналып,  «Мәңгілік  ел»  боларымыз  анық. 

Сондықтан  барлық  еліміздің  өсер  жастары-

на өсиетті сөзбен өнегелі тәрбие берілсе нұр 

үстіне нұр болар еді.

Сөз  құдіреті  туралы  айтарымыз:  «Адам 

көркі - сөз, сөз көркі - ой» дейді. Асылында,  

ақыл мен ой елегінен өткен сөз орнын таба-

ды, ойланбай айтқан сөз иесін қабады. Елді-

елге қосатын да, ажырататын да сөз. Сөзінің 

тұрағы жоқтың өзінің ұяты жоқ. Сөз сүйектен 

өтеді,  таяқ  еттен  өтеді.  Ердің  екі  сөйлегені 

өлгені.  Басқа  пәле  сөзден.  Адам  байлауы  - 

сөз,  мал  байлауы  -  арқан.  Сөз  тас  жарады, 

тас жармаса бас жарады. Шындығында, осы 

тағы басқа өнегелі сөздерді есте сақтап, ау-

зына иелік жасау асыл қасиет.

Айтылып, айтылмай жүрген өсер 

жастардың  сана сезіміне ой салатын 

өсиетті сөздер

Табиғатты  неғұрлым  жетік  білген  сай-

ын, табиғатта соғұрлым өз сырын тереңдете 

түседі.


Адам  асқан  таланттылығы  мен  табан-

дылығының  арқасында  ғана  табиғаттың 

тыныс-тіршілігін  жақсы  сезініп,  ел  игілігіне 

пайдалана алады.

Халқы  -  тапқырлық  ісі  мен  қажырлы 

күшімен  еңбектеніп,  қоршаған  ортаға  зиян 

келтірмей, қажеттілігін ала білгенде ғана елі - 

өркендеген мәдениетті ел болады.

Тайғақ  мінезді,  таяз  ойлы,  тар  ұғымды 

шолақ  білімділер  өмірдің  түбіндегі  маржа-

нын термей, бетіндегі қиқымын қалқып, оны 

мақтанышпен жария етуге асығады.

Кең пейілді, жомарт жүректі, ұшқыр ойлы 

терең білімділер өмірдің түбіндегі маржанын 

теріп, оны терең ой түбіне жинап, ел игілігіне 

керегінше пайдаланады.

Адамның 

қабілет 


пейілі 

тарылса, 

табиғаттың тыныс-тіршілігі сарқылады.

Табиғат өте қатал қайырымсыз ұрысқанға, 

өте нәзік әрі жомарт тілін тауып ұғысқанға.

Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың 

оны айтатын тілі жоқ.

Табиғатты  аялау  өз  ұрпағың  алдындағы 

парызың.

Сен  бүлдіріп  жатқан  жерде  ұрпағыңның 

несібесі жатқанын ұмытпа.

Өмір  мен  еңбек  егіз.  Өмір  негізі  -  өнім, 

өнім  негізі  -  еңбек.  Өнім  молаймай,  өмір 

түзелмейді.

Еңбектенбей  жерге  өкпелеме,  еңбегің 

сіңбей елге өкпелеме.

Еңбек - бақыт, еріншектік - өкініш.

Ақылды  айлаға  жеңдіріп,  парасатты 

пайдаға билетпе.

Берекелі  ел  тамшыдан  жинап,  теңіз 

құрайды.  Берекесіз  ел  бір  буынның  көз  ал-

дында теңізін құртады.

Көп білгеннің бәрі дана емес, білгенін іске 

асырған дана.

Бітпейді адам барда жалған дауы, шығады 

келер күннің алдан жауы.

Адам  мамандығының  құлы  болмай, 

еңбегінің құны болмайды.

Өмір үйретеді, еңбек ширатады.

Алмасаң  абыройың  түспейді,  бермесең 

беделің  өспейді.  Абырой  ойды  ойлау 

адамгершілік.

Жалған 

дүниеде 


адамды 

жалған 


жақындатып, ақиқат алшақтатады.

О  дүниеліктердің  жаманы  жоқ,  бұл 

дүниеліктердің  бір-бірін  жамандаудан  басқа 

амалы жоқ.

Баласы ақылды болса әкесі қадірлі бола-

ды, баласы ақымақ болса әкесі жалтақ бола-

ды.

Жаман адамның адамгершілігінен, жақсы 



иттің иттігі жақсы.

Қамқорлығын  ойлап  берген  қарызың 

қасыңа да айналуы мүмкін.

Қайыршыға садақасыз өмір сүрудің жолын 

үйрет.

Жер  басқанға  мәз  болма,  артыңда  ізің 



қалмаса.

                        




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет