Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ «VALEO» ЗИЯТКЕРЛІК-ДАМЫТУШЫ ЖИЫНТЫҒЫН ҚОЛДАНУ



бет60/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ «VALEO» ЗИЯТКЕРЛІК-ДАМЫТУШЫ ЖИЫНТЫҒЫН ҚОЛДАНУ

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында №18 «Еркетай» балабақашабөбекжайы КМҚК білім беру процесін ұйымдастыруда «VALEO» зияткерлік – дамытушы жиынтығын қолданысқа енгіздік. Қолданысқа енгізілген инновациялық технология: «VALEO» зияткерлік-дамытушы жиынтығы мектепке дейінгі білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. 199 Ойынның бұл жиынтығын пайдалану денсаулықты сақтау ортасын құру кезінде, экологиялық таза құралдардан геометриялық фигуралар құрастыру, сабақты жоспарлы түрде ұтымды ұйымдастыруға, басқа әдістемелермен біріктіруге және шаршауды басуға, зерделі жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатуға, валео үзілістер, сергіту сәттерін өткізу жақсы мүмкіндік береді. «VALEO» зияткерлік-дамыушы жиынтық – балаларды денсаулық сақтау мен нығайтуын қамтамасыз етудің негізгі тетігі жағымды эмоция, жаңа білімбілік дағдылары, жеке дағдыларын және басқалармен қарым-қатынас дамытудың лотогі болып табылады Ойын жинақтарының ерекшеліктері баланың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттерін дамытуға үлес қосады. Ойын жиынтығымен жұмыс істеу ересек адам мен баланың бірге бірлескен қызметі, өздігінен ойнау қызметін ұйымдастыру, балалардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына жағдай жасайды. «VALEO» ойын жиынтығы мына жағдайда пайдалануға болады: әлеуметтік және коммунакативтік дағдыларын дамыту; сенсорлық дамыту; ұсақ моториканы дамыту; танымдық – зеттеулер мен өнімділік (конструктивтік) іс-шараларды әзірлеу; қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; логикалық қабілетін дамыту және т.б. «VALEO» зияткерлік-дамытушы жиынтық 5 білім беру бағыттары бойынша, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға арналған білім беру және ұтымды ұйымдастыру үшін білім беру саласын «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», « Шығармашылық», «Әлеумет» қамтиды. «VALEO» зияткерлік – дамытушы жиынтығы келесі педагогикалық сапа талаптарына сәйкес келеді: 200 Көп функионалдық; Жиынтық элементтері бала ойына, ойын сюжетіне қарай түрлі қызметте икемді пайдалануға болады. Бұл баланың сындарлы қабілеттерін, шығармашылығын, қиялын, ойлауын т.с.с. дамытуға ықпал етеді; «VALEO» зияткерлік-дамытушы жиынтығын бірлескен әрекетте қолдану мүмкіндігі; Жиынтық элементтерінің икемді үйлесімділігі оны бір уақытта балалар тобымен пайдалануды қамтамасыз етеді, балалардың бірлескен әрекеттерін, сонымен қатар ересектің ойыншы ретінде қатысуына жағдай жасайды; Дидактикалық ерекшеліктер; «VALEO» зияткерлік-дамытушы жиынтығының барлық элементтері баланы құрастыру, көлем және пішінмен т.с.с. таныстыратын оқыту әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар баланың өзіндік әрекеті кезіндегі өзін-өзі бақылау механизмін құрайды. Кез келген модульден элементтерді сәйкес қорапқа салудың өзі балалардан белгілі дағдылардың дамуын талап етеді. Ойын жиынтығы мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған, ұйымдасқан денсаулық сақтау білім беру ортада оқу-әдістемелік материалдар жиынтығымен, әдістемелік нұсқаулармен, дидактикалық ойындармен, жаттығулармен, оның ішінде технологиялық карталармен қамтамасыз етілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет