Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


-топ: «Сарыағаш» шипажайы



Pdf көрінісі
бет42/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
1-топ: «Сарыағаш» шипажайы
2-топ: «Рахман қайнарлары» шипажайы
3-топ: «Бурабай» шипажайы
Төмендегі тірек клишеде жазылған ақпа-
раттар бойынша постер жасап, қорғаулары 


109
қажет. Әр топ ұсынылған шипажайла-
рыңызды мадақтап, жарнамалайсыздар. 
Қай шипажай үздік екен?
Тірек-клише: 
1. Шипажайдың атауы
2. Орналасқан жері, табиғаты, ерекше-
лігі
3. Қызмет көрсету түрлері, сапасы (баға-
сы, тағамы)
4. Мәдени, танымдық іс-шаралар, заң-
ды лықтары
5. Емдік процедуралар (ағзаға пайдасы)
6. Жету жолы
Қосымша
Шипажайлар туралы ақпарат:
«Бурабай»
– Ақмола облысының Щучье 
ауданындағы қымызбен емдейтін респу-
бликалық маңызы бар курорт. Щучинск 
қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің 
жағасында орналасқан. Көкше тауының бау-
райында қарағайлы, қайың аралас ормандар 
өскен. Бурабайдағы негізгі ем – қымыз, сон-
дай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы ор-
ман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен 
пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, 
Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық 
көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-маг-
нийлі минералдық су, т.б. қолданылады.
Сарыағаш шипажайы 
– емдеу орны. Са-
рыағаш ауданында орналасқан бальнеоло-
гиялық «Сарыағаш шипажайы». Сарыағаш
шипажайы шаруашылық ұңғымалардан су


110
алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, 
қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын мине-
ралды суының температурасы 49 – 52° С.
Құрамында кремний қышқылы, радио-
активті элементтер, азот, гидрокарбонат, 
натрий, калий, кальций, магний, алю-
миний, мыс, марганец, молибден және 
микроэлементтер бар. Ас қорыту ор-
гандарының қызметі, зат алмасуы бұ-
зылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел 
ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. 
Рахман қайнары,
Рахман көлi – Шығыс 
Қазақстан облысының Катонқарағай ауда-
нындағы шипалы жылы су көзi.Оңтүстік 
Алтайдың кiшкене тектоникалық ойпатын-
да, Арасан көлі жағасында, теңiз деңгейi-
нен 1750 м биiктiкте айналасын биiк тау, 
орман қоршаған өте көрiктi жерде орна-
ласқан. Су граниттегi терең тектоникалық 
жарықтан шығады, температурасы 35 – 
42°С. Қайнардың шипалық қасиетi ертеден 
белгiлi.Рахман қайнарының шипалық қа-
сиетi оның құрамындағы көмiр қышқылы-
ның, радонның молдығында. Суы тұщы, 
минералды, құрамында гидрокарбонаттар, 
натрий, кальций бар. Рахман қайнарының 
суы асқазан, ревматизм, гинекология лық,
жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлi 
улану мен жараларды емдеуде қолданы-
лады.Осы жердің астында ағып жатқан 
өзендердің құрамында, емдік қасиеті бар 
радон бар.Термалды сулар буындардың, 
омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және 
тері ауруларын емдеуде қолданылады.


111
Шаруа Рахман 1763 жылы ыстық көзді та-
уып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жа-
ралайды, жаралы жануар осы ыстық көз-
дерге келіп шомылып аман-сау шығады.
(Дайындыққа 2 минут)
Дайын болған постерді кір жаятын жіпке 
ілуге болады, спикерлер шығып қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет