Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


Құрметті әріптестер! Бүгінгі семинарға



Pdf көрінісі
бет50/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Құрметті әріптестер! Бүгінгі семинарға 
қош келдіңіздер!
Менің әдістемелік тақырыбым: Сөйлеу 
әре кет теріне дағдыландырудың тиім-
ді құра лы – топтық жұмысты ере сек тер 
арасын да ұйымдастыру.
Лексикалық тақырып: «Бала жүрегі 
мейірім ділікті сүйеді». Жоғары деңгей. 
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін үйретуде 
топтық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру 
әдістемесімен таныстыру арқылы қаты-
сушыларға тіл үйренушінің өтілген ма-
териалды тиянақты меңгеруіне, тақырып 
төңірегінде ойын еркін, жатық жеткізуіне, 
тыңдаушының шығармашылық ізденіс те-
рін арттыруына машықтандыру жолдарын 
көрсету. 
Экранға зер салыңыздар!


127
Ф.Оңғарсынова Жетімнің монологы
Жетекші сұрақтар: 
1. Бұл бейнеролик қандай мақсатта көр-
сетілді деп ойлайсыздар?
2. Осы мәселенің бүгінгі күнде маңыз-
дылығы қандай?
3. Бүгінгі қоғамда мұндай жағдайлар не-
ге көбейді?
Соңғы кездері елімізді «жаңа туған бала-
сын жолда тастап кетті, қоқысқа лақтырып 
кетті» деген жаңалықтар дүр сілкіндірді. 
Жаңа ғана бой түзеген бойжеткендеріміз 
бен кейбір жас аналарымыз өз туған ба-
лаларынан кез келген жолмен баз кешіп 
жатыр. Ендеше, бүгінгі «Бала жүрегі 
мейірім ділікті сүйеді» атты пікірталасы-
мыз тастанды балалар тағдыры мәселесін 
көтеруге арналады. Тыңдаушылардың са-
палы білім алуына ықпал ету үшін топтық 
жұмыстарды қолданамыз. Сабақ соңын-
да топ аралық және жеке бағалау жүр-
гізілетіндіктен, әрбір топ мүшесінің бер-
ген жауабына мұқият болыңыздар.
Әрбір топ сағат тілінің бағытымен тап-
сыр маларға жауап береді.
2. Топқа бөлу: 
Таратылған қима 
қағаздардағы 
тұрақты тіркес-
терді құрастыру 
арқылы тыңдау-
шылар топтасты-
рылады. 
(3 мин)
Тыңдаушылар «Алтын сандыққа» салын-
ған қима қағаздарын таңдап алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет