108
3. Жағдаяттық
тапсырма беруде
«Графикалық
органайзер» әдісін
қолдану
(топтық жұмыс)
(10 минут)
Мақсаты:
Тіл үйренушілер
«Графикалық орга-
найзер» әдісін қолда-
на отырып, постер
жасау арқылы
негізгі ұғымдарды
жүйелеп, сөйлеу
дағдысын қалыпта-
стырады.
Тіл үйренушілерді 3 түрлі қазақстандық
шоколадтар тарату арқылы 3 топқа
бөлемін.
3-жағдаяттық тапсырма:
Бейнероликке назар аударайық.
Тележүргізушінің айтуы бойынша,
қазақ-
стандық туристердің шетелдік демалыс
орындарына бару себебі - отандық шипа-
жайлар қымбат, әрі қызмет көрсету сапасы
төмен екенін айтады.
Алайда, бізде мақтан тұтатын қазақстан-
дық шипажайлар өте көп. Соның бір дәлелі
дәл қазір ауасы таза, табиғаты әсем шығыс-
тың керемет шипажайында отырмыз.
Тапсырма:
Бүгінгі
семинарға Қазақстан-
ның әр аймағынан жиналып отырсыздар.
Сіздердің өңірлеріңізде де мақтан етерлік
шипажайлары, демалыс орындары бар.
Ендеше, қандай шипажайды шетелдік қо-
нақтарға паш етер едіңіздер?
Ал бүгінгі сабақта Қазақстанның 3 шипа-
жайына жарнама жасайсыздар. Ол үшін әр
топ 3 шипажайға жарнамалық газет жасап,
постер қорғау керек.
Постер қорғауда қолданылатын заттар:
ватман, маркерлер, түрлі-түсті қағаз, же лім,
шипажай туралы ақпарат,скотч ұсынылады).
Достарыңызбен бөлісу: