Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Д.Мак-Грегордың адами қарым-қатынас теориясы



бет12/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Д.Мак-Грегордың адами қарым-қатынас теориясы. Дуглас МакГрегор адамның мотивациясын «X» теориясы мен «Y» теориясы ретінде екі қарама-қарсы жақтан қарастырады.
«X» теориясы бойынша:
  1. бастапқыда адамдар жұмыс жасағылары келмейді, мүмкін болса тіпті де жұмыс істемес еді, жұмыс жасаудан қашады;


  2. адамдар өзін-өзі сүймейді, жауапгершіліктен қашады, оларды басқарғанды місе тұтады;


  3. көбіне адамдар өзін қорғауды қалайды;


  4. жұмысшыларды жұмыс істету үшін оларды үнемі қадағалау қажет, кейде жазалау да қажет болады.


«X» теориясы бойынша адамдар жауапкершілікті өз мойнына алмайды:


адамдар не тек ақша үшін ғана жұмыс жасайды, не бір нәрседен, не әлдекімнен қорыққаннан ғана жұмыс жасайды. Ал бұл көзқарастағы менеджмент қазіргі қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Сондықтан «Y» теориясы өмірге келді: адамдар жалқау емес және жауапкершіліктері де жоқ емес. «Y» теориясы бойынша дұрыс мотивация берген жағдайда жұмыста шығармашылық таныта алады және өзін-өзін басқара алады.
«X» теориясы мен «Y» теориясы бір-бірін жойып жібермейтіндей қарама-қайшылықты теориялар болып табылады.
Д.Мак-Грегордың пайымдауы бойынша, адамдардың басым көпшілігінің саналы және зиялы болуға әлеуеті жетеді, сондықтан адамдардың көзқарастары мен мінез-құлқында айырмашылықтар болады.
«Y» теориясы бойынша:
  1. еңбек– табиғи процесс. Егер қолайлы жағдай болса, жұмысшылар өзіне тек ғана жауапкершілікті алмайды, оған қол жеткізеді;


  2. егер жұмысшыларды ұйымдастыру мақсатына кіріктірсе, онда олар өзін-өзі басқара алады және өзін-өзін бақылай алады;


  3. қарым-қатынас орнату мақсатқа жету жолындағы басты қызмет болып табылады;


  4. адамдардың көпшілігінде мәселені ұтқыр шешу қабілеттері болады, ал тәжірибеде адамның интеллектуалдық әлеуеті өте сирек қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет