Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


А.Файольдың әкімшілік басқару мектебі



бет9/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

А.Файольдың әкімшілік басқару мектебі. Ғылыми басқару өкілдері өздері зерттеген өндіріс орындарын басқаруды нысанаға алады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінің артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерін ойластырды. Бұл мәселелер А.Файольдің есімімен тікелей байланысты. А.Файольдің әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді.
А.Файоль басқарудың бір бөлігін және техникалықб, компаниялық сатып алу, қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды. А.Файоль әкімшілік басқаруды 5 элементке бөліп көрсетті:
  1. жоспарлау;


  2. ұжымдастыру;


  3. басшылық ету; 4) үлестіру; 5) бақылау.


А.Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принциптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принципінде басқарушылардың қызметті қалай орындау керектігін көрсетеді.


Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебі. Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология ғылыми жанадан дами бастаған кезде өмірге келді. Сондықтан да осы мектептің өкілдері адам факторының маңызын мойындай тұрса да олардың пікірталасы – еңбекақыны әділ төлеу. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс ұйымының негізгі тиімді элементі ретінде адами факторды толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарас табу, кемшілікті шешу мақсатында пайда болатын. Адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп атайды.
Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебінің мәні:
1) адамдарға психологиялық тұрғыдан ықпал ету; 2) адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру;
  1. жұмысшыларды өз қалаулары бойынша топтастыру;


  2. жұмысшыларға шығармашылық іске қабілетті адам ретінде ықпал


жасау;

  1. жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру;

  2. өндірісте шығармашылылық белсенділікке жол ашу;


  3. жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстыру ;


  4. өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, оларды ынталандыру;


  5. адамдарға көңіл бөлу, қамқорлық таныту.


1933 жылы Э.Мэйоның «Индустриялық өркениеттегі адамгершілік қарым-қатынастар» еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің құнды идеясы – еңбек тиімділігін арттыру үшін жұмысшылардың психологиялық жағдайы мен көңілкүйін жақсарту. Э.Мэйоның пайымдауы бойынша, жұмысшыларды бақытты ету үшін еңбек өнімділігін барынша арттыру қажет.


Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру жолдарын іздестіруге көңіл бөледі:
  1. классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, билік тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Олар қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды;


  2. егер басшылар жұмысшыларға көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.


  3. басшылардың тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарымқатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беру және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет