Сурет - 5. Білім беру жүйесіндегі менеджер
Педагогикалық менеджменттің жалпы қызметтері:
Жоспарлау – бұл басқару процесінің алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да қадамдар, сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс -тәсілдер нақтыланады.
Ұйымдастыру – бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, ұжымның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету.
Мотивация – бұл іс-әрекет, қызмет. Оның мақсаты – ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.
Бақылау – бұл басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу (6сурет).
Сурет-6. Менеджменттің жалпы қызметтері
Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: жетекші айналысу қызметі, арнайы білімді қажет етеді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді.
Басқарудың негізгі қызметтері
Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау);
жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен әр жылға жоспар түзу);
ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру);
ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);
бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
Достарыңызбен бөлісу: |