Менімен ойнашы, деп өтінеді ағаш


-МӘТІН. БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ



бет5/39
Дата24.04.2023
өлшемі1,3 Mb.
#86138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
4-МӘТІН. БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ.
Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары (әлеуметтік процестердің келешегін қамтитын білімдер саласын зерттеушілер) 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады.
Сонымен, айналдырған он шақты жылдан кейін мынандай маман иелері қажет болады:
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман.
Ғарыш туризм мамандары – ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маманболашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады. Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады. Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.
Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады.
Жеке журналист біреудің жеке БАҚ-ында жұмыс жасайды, олардың саны күрт көбейеді. Уақыт биржасындағы брокер мамандығы қазіргі ақша брокеріндей танымал болады. Қоғамдық желідегі қоғамдық қызметкер. Бұл кісі қоғамдық желілер арқылы жағдайы төмен, жаман әдеттерге шалдыққан қолданушыларға көмекке келеді.
Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.
(227сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет