– Зейнетке шықсаңыз да, бос отырған жоқсыз. Қоғам ортасындасыз, рес- публикалық «Қансонар» аңшылық ша- руа шылық қауымдастығы» бірлестігінің облыстағы өкілдік төрағасысыз? – Менің ауданда қызмет еткен кезеңімде
қармақшылықтар жақсы біледі, аңдардың,
әсіресе киік саны азайып кеткен уақыт бола-
тын. Оларды бетбақдала популяциясы дейді,
мына Қарағанды, Қостанай, Торғай, Ақтөбенің
Шалқары жағынан Қызылордаға қарай келеді.
Сол киіктердің аумақта небәрі 20-30 мыңдайы
ғана қалған-ды. Қазір табиғи жолмен көбею по-
пуляциясы 1,5 млн-нан асып кетті. Биыл соны
шамамен қысқартуға үкіметтен қаулы шығып
жатыр. Өйткені жайылымдық жер, егістік бар.
Осы салада сіздің тәжірибеңіз бар дегесін,
бүгінде «Қансонар» қоғамдық бірлестігіне
басшылық етіп отырмын.
– Елге айтар тілегіңіз болса? – Қармақшы ауданының болашағы зор.
Жер кіндігі саналатын Байқоңыр ғарыш
айлағы әлемге танымал. Түркі жұртына ортақ
қазына – Қорқыт атаның мемориалды кешені
орналасқан.
Осындай
құндылықтардың
үстінде отырған өңірге туризмді қарқынды
дамытуға мүмкіндік мол. Ел-халыққа айтарым,
бейбітшілік заман болсын, әрбір отбасына
бақ-береке, денсаулық тілеймін. Ауданымыз
жылдан-жылға көркейіп, абаттана, гүлдене
берсін!
– Әңгімеңізге көп рақмет! Сұқбатты жүргізген Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК Ауданның 95 жылдық толғаулы тарихында көптеген азаматтың ізі сайрап жатыр. Бірі – жыраулық өнердің та- сын өрге домалатса, бірі – егіннен тау тұрғызып, ырзық-несібенің мол болуына маңдай терін төкті. Ал енді бірі – басқарушылық қызметте көш бастады. Олардың қатарында Қармақшы, Жалағаш аудандарының және Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Шахизат Төребаевтың да есімі аталады. 2001-2004 жыл-