бойынша филиалы — Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы Оған аудандық мәслихат де-
путаттары, аудан әкімі Жандос
Еркінбек, аудан әкімінің орынбаса-
ры Жұлдызхан Ерқосаев, аудан әкімі
аппаратының басшысы, кенттер
мен ауылдық округ әкімдері, дербес
бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне
орай, үш мәселе қаралды. Атап
айтқанда,
«Қармақшы
ауданы
әкімінің өзіне жүктелген функци-
ялары мен міндеттерінің орында-
луы туралы» аудан әкімі Жандос
Еркінбектің баяндамасы тыңдалды.
Онда аудан басшысы бүгінде ау-
данда атқарылып жатқан бірқатар
жұмыстарға тоқталды. Сонымен
бірге алда атқарылатын шаруаларға
да көпшіліктің назарын аудартты.
Екінші мәселе бойынша «Ау-
данда қоғамдық тәртіпті сақтау
бағытында атқарылып жатқан ша-
ралар туралы» аудандық поли-
ция бөлімінің бастығы Бақытжан
Жарқынбаев хабардар етсе, үшінші
мәселеге байланысты Қармақшы
аудандық
мәслихатының
2023
жылғы 28 сәуірдегі «Қармақшы
ауданы әкімдігі жанындағы тер-
роризмге қарсы аудандық комис-
сия құрамын бекіту туралы» №18
шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
аудан әкімі аппаратының басшысы
Е.Бекенов хабарлама жасады.
Сессияда қаралған мәселелер
бойынша депутаттар тарапынан
қызу талқылаулар болып, сұрақтар
қойылды. Ұсыныстар берілді. Сон-
дай-ақ, аудандық мәслихаттың
тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комис-
сиялардың бірлескен отырысы
өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ Жуырда Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақовтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті 7-сессиясы өтті.