Ақнұр САҒЫНТАЙ
Мектептің жантанушысы
Кейіпкеріміздің
мектеп оқып
жүргенненақ психология саласына
қызығушылығы оянады. Осылайша
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің психология ма
ман дығы бойынша оқуға түседі.
Оны тәмамдаған соң Т.Көмекбаев
атындағы №250 мектеплицейіне
жұмысқа орналасады. 20152016
жылдары ауданымыздағы аграрлы
техникалық колледжінде жұмыс
істесе, 2017 жылдан бері Ш.Уәлиханов
атындағы №26 орта мектепте педа
гогпсихолог болып еңбек етеді.
«Мамандықтың жаманы жоқ.
Алайда, оның қайқайсысына да
бейімділік пен икемділік қажет
екені белгілі.
Психолог мамандығы
– күнелту, тамақ асыраудың жолы
емес, үлкен өнер мен зор шеберлікті
қажет ететін іс» деген екен Жүсіпбек
Аймауытов. Біздің әңгімемізге арқау
болып отырған кейіпкеріміз бұл сала
ны өзінің жан қалауымен таңдағанын
айтады.
– Негізінде әр адамның бала
күнінде әр мамандыққа сәйкес
өзіндік мінезі, қабілеті байқалып
отырады.
Сол сияқты менің де бала
күнімнен әжем, анам осы салаға деген
қабілетімді арттырып, яғни мақтау
білдіріп отырды. «Сен үлкендермен
жақсы тіл табысасың, кімкімнің де
көңілін тез табасың» деген сөздерді
үнемі айтатын. Кейін келе өзіме де осы
жас бүлдіршіндермен, балалардың
қызықты
мәселелерін тыңдап, со
лармен ішінара шешу ұнайды. Үлкен
өмір жолын таңдағанда да осы салаға
қызығушылық таныттым. Айтқым
келгені психология саласының ең
бір негізгі мақсаты – әр адамның
көңілінен шыға білу, жеңіл тіл та
бысу олардың ой түкпірінде жатқан
мәселелерді анықтау.
Сондықтан
бойымдағы өз қабілетіме сене оты
рып осы мамандыққа келдім, – дейді
Бағлан Иманшаұлы.
Психолог
болу
өзгелердің
ешкімге айта алмайтын ішкі сырын,
жанын жегідей жеген
мәселелерін
ішінде сақтап жүретін үлкен
жүректі талап ететін мамандық.
Сырт қарағанда еш уайымсыз,
қайғысыз балалықтың бақытты
шағының қызығын көріп жүрген
жасөспірімдердің жан дүниесіне
үңіліп, ішкі сарайын ашып, мазалап
жүрген мәселелеріне ортақтасуға
бұл жанның септігі мол.
– Мектеп психологы бала
лармен психологиялық қызмет
тің әдістемелік,
диагностикалық,
кең ес беру, коррекциялық (түзе
ту жұмыстары), ағарту және
профилактикалық бағыттар бо
йынша жұмыс жасайды. Топтық,
жеке тренингтер өткізіп, балаларға
жағымды көңіл күй сыйлаймыз.
Біз, психологтар, оқушылармен
әрдайым бір толқында жүреміз.
Қандай
бағытты,
көзқарасты
ұстанбасын,
білім
алушылар
ды қабылдаймыз, көмек береміз.
Балалар
көбінесе
құрдастары
арасындағы проблемалар, атаана
сымен қарымқатынас мәселелерін
айтып келіп жатады. Тренинг,
консультация, жоспар бо йынша
сабақтар сынып жетекші немесе
әкімшіліктің сұранысы бойынша
бүкіл сыныпқа өткізіледі. Мысалы,
интернетке тәуелділік, буллинг,
стресс, психикалық денсаулық тура
лы, бейімделу процесі секілді мәселе
бойынша оқушылармен жүйелі
жұмыстар жүргіземіз, – дейді ол.
Психолог – үнемі ізденуді талап
ететін,
адам жанына араша бола
алатын айрықша мамандық. Мұны
осы қызметте тұрақты түрде жұмыс
істеп келе жатқан тәжірибелі ма
манмен сөйлескен азкем уақытта
түсіне түстік.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
Қазір адамдар бұрынғыдай емес, психологиялық білім алып,
өзін түзеуге, өзгертуге бейімделіп келеді. Рас, қоғамда психолог
кеңесіне жүгінгендер көбейді. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде
психологиялық қызметке ерекше көңіл бөлінуде. Жеке тұлғаның өмірге
құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, нақты шешімдер
қабылдауы мектеп қабырғасынан бастап қаланады. Ал балаларға
қатысты мектептегі мәселелерді шешу мен алдын алу үшін әр мектепте
психолог жұмыс істейді. Соның бірі – Бағлан Нухиев.