Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
41
кешетін пысықайлар алға шығып елеулі, «артық» болып жүретіні бар. 
Екі бөшкенің әрекетінен адамдар болмысы танылып тұратынын 
ақынның өзі де түйінді сөзінде ашық айтады: 
Құр бөшке салдыры зор, бағасы кем, 
Бағасыз құр даурыққан адаммен тең.
Алыстан әлдеқандай болса-дағы
Жай мәнін жақындасаң білерсің сен. 
Екінші толық бөшке мысалы сол -
Адамдар көп даурықпас ақылы мол. 
Сарп етпей босқа сөзін жұртқа жарлап,
Үндемей жүріп ісін істейді ол [7, 81-б.]. 
Ахмет Байтұрсынов мысалы ішінде екі бөшке арқылы солар 
тектес адамдардың болмысы мен мінезін перделеп, астарлап білдірсе, 
өзі қосқан түйін сөзінде оларды пердесіз айқын, ашық ойымен шынайы 
танытады.
Абай тапқан жаңа өлең өлшемі А. Байтұрсыновтың «Жиған-
терген» өлеңі арқылы жалғасын тауып дами түскен. Абайдың «Сегіз 
аяқ» өлеңі жайлы М. Әуезов былай деп жазады: «Сегіз аяқ» ұлы 
ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белдей 
әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шыққан, зор шығарманың бірі. 
Бұл өлеңнің түрі де осы шаққа шейін ақын жазып келген өлеңдердің 
үлгісінен басқаша. «Сегіз аяқ» демегі – сегіз жолдан қайырылған 
шумақтар болғандықтан айтылған [9, 143-б.]. А.Байтұрсыновтың 
Абайды ұстаз тұтқаны әсіресе осы «Жиған-терген» өлеңінен айқын 
көрінеді. Мұны ғалым Ж. Ысмағұлов орынды атап өткен: «Абай 
дәстүрінде әрбір сөзін салмақтап, әбден өлшеп-пішіп, көркемдік иін 
әбден қандырып, ешбір селкеусіз жазылған «Жиған-тергенді» оқып 
отырғанда қазақ халқының қасіретке толы бүкіл тарихы мен өте 
аянышты халі көз алдыңа елестейді» [6, 408-б.]. Әр шумағы сегіз 
тармақтан тұратын Абай өлеңінің алғашқы шумағы тілге айтылған 
арнауымен басталады. А. Байтұрсынов та өлеңінің алғашқы шумағын 
тілге қарата айтылған түйінімен аяқтайды:
Еңбекке егіз, тіл мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп бақ [7, 26-б.]!
Тілге қатысты арнау Абай мен А.Байтұрсыновта екінші шумақта да 
жалғасады. Абайдағы сөз бен ой салмақты, көркемдік те елеулі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет