Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде сипатталған Моғолстан мемлекетінің тарихы туралы «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторын анықтаңыз



бет55/105
Дата23.05.2022
өлшемі338,16 Kb.
#35432
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде сипатталған Моғолстан мемлекетінің тарихы туралы «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторын анықтаңыз
Жауабы: М. Дулати
8. «Қазақстандағы ежелгі қалалардың бірі – Түркістан. Ол шаһар атын алған әуелгі бір кездерде Шауғар, кейіннен Йасы, ал XVI ғасырдан бастап қазіргі атымен аталған. Түрістан көбіне көне заманда салынып, біздің заманымызға дейін сақталған тамаша сәулет ескерткіштерімен де әйгілі. Соның бірі – ХІІ ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, исламды уағыздаушы Ахмет Йассауидің (Йасыдан деген мағынада) қабірінің басына Әмір Темірдің әмірімен тұрғызылған зәулім ескерткіш. Қазақстанның оңтүстігінде туып-өсіп, сол кездегі ғылым мен мәдениеттің кіндігі болған Отырар қаласында білім алған Ахмет Йасауи, кейіннен Бұхарадағы сопылар қауымына (сюлуқ) еніп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы қауымның басшысы Юсуп Хамадан қайтыс болған соң, оның екі шәкіртінен кейін қауымды Ахмет Йасауи басқарады. Бірақ көп ұзамай бұл «жоғары» қызметті тастап, өзі туған түркі еліне, Йасыға мүлдем қайтып оралады. Ол кезде Сыр бойын мекендеген қыпшақ, қоңырат (қият), қаңлы сияқты түркі тайпаларының арасында ислам енді ғана орныға бастаған болатын. Сондықтан олар шығыс авторларынан тұңғыш рет өз шығармаларын жергілікті халыққа түсінікті болу үшін көне түркі (қыпшақ) тілінде жазған ақын Ахмет Йасауиді өздерінің рухани басшысы ретінде танып, ол қайтыс болғаннан кейін оның жеке басын әулие деп жариялайды. Міне, «Мединеде-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет» - деген сөз осыдан қалған. Ахмет Йасауидің қабіріне зәулім ғимарат тұрғызу Орта Азияның бытыраңқы елдерін біріктіріп, қуатты мемлекет құрған Әмір Темір Көрегеннің ішкі есебімен байланысты».
Мәтінде сипатталған ескерткіштің тұрғызылған мерзімін анықтаңыз
Жауабы: XIV ғ. соңы – XV ғ. басы
9. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н. Ә. Назарбаевтың көзқарасы.
«Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің ауыр экономикалық және саяси жағдайын суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып, кеңес халқына үндеу тастады. Үндеу өткен уақыттың дақпырты ұрандарымен көмкеріліп, аяғына өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды... ТЖМК-ның №» қаулысы бойынша... одақтық және автономиялы республикалар, өлке, облыс, қала, аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенеді. Осы қаулы негізінде саяси партия, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг, шеруге, ереуіл жасауға тыйым салынады»:
Жауабы: ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады.
10. Мәтінде қай екі батыр туралы сипатталғанын анықтаңыз.
«... Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікте көшіп-қонып жүрген үлкен ру – шектіден шыққан... Бұл екі батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің қалаулары бойынша басқара бастады. Олар ешқандай да сыртқы билікке бағынбағандығымен қоймай, өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейту, кеңінен таратуға тырысуда. Орынбор басшылығының жиырма жыл бойы осындай беделді адамдармен санасуына тура келді».
Жауабы: Жанқожа Нұрмұхмедұлы мен Есет Көтібарұлы
11. Мәтінді оқып тарихи шындыққа сәйкес келмейтін жауапты анықтаңыз
«Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды.
Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттың саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.
Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті.
Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты.
Бесіншіден, ... салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды»:
Жауабы: Қазақ хандығының этникалық құрамы оның алдындағы этносаяси қауымдастықтардан мүлде өзгеше болды.
12. Санкт-Петербург бейбіт келісімшартынан келтірілген үзіндіні оқып шығып, Іле өлкесінің тұрғындары қандай құқық берілгенін анықтаңыз.
«Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып, шешім қабылдауы тиіс»:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет