Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай



бет1/105
Дата23.05.2022
өлшемі338,16 Kb.
#35432
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы


АЛҒЫСӨЗ

«Тарих пәнінен мәтіндік тесттер жинағы» - атты әдістемелік құрал мәтіндік тесттерді жинақтай отырып құрастырылған. Бұл әдістемелік құрал Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық үстінде жүрген жоғарғы сынып оқушыларына және талапкерлерге көмегін тигізер.


Жинақтамалық негізде құрастырылған бұл әдістемелік құралдан ҰБТ тапсырушы талапкер міндетті пән есебіндегі «Қазақстан тарихынан» және таңдау есебіндегі «Дүние жүзі тарихы» (Тарих) пәндерінен бірнеше жыл бойы келіп жүрген мәтіндік сұрақтар тізбегімен таныса алады.
Сондай-ақ әдістемелік құралда мәтіндік тесттерді шешудің жолдары кесте түрінді көрсетілген.
Әдістемелік – көмекші құралдың мазмұндық құрылымы жоғарғы сынып оқушыларына бейімдей отырып, жеңіл түрде жасалған (құрастырылған). Бұл әдістемелік құралды пайдалана отырып, мектепті бітіруші түлектер ҰБТ-ден мәтіндік тесттерді шешу мүмкіндігіне ие болады.
Ақ жол, саған, жас түлек!

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ.


І нұсқа



1.Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай
«адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады».
А). Аталық ру үстемдігіне өтуді
В). Сауда-саттық дамытуды
С). Өндіріске металл құралдарын енгізуді
D). Аналық ру үстемдігіне өтуді
Е). Еңбек құралдарын едәуір жетілдіруді
2. Мәтінде айтылған тарихи еңбекті анықтаңыз.
«... Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көші-қон мәселесіне ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлау көшу, оның малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге пайдалы екендігін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сән-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазады. Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай»:
А). Кодекс куманикус
В). Талас ескерткіштері
С). Наһжи әл Фарадис
D). Тарих-и Абулхайр-хани
Е). Шыңғыснама
3. Мәтінде сипатталған шаруашылық реформасының нәтижесінде болған өзгерістердің ішінде қате берілгенін анықтаңыз
«Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. Қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР Халық шаруашылығы кеңесі таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер ... құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюза-қағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді»:
А). Пайда, баға, ақшалай сйлық, несие сияқты тетіктер пайда болды
В). Кәсіпорындарды материалдық жағынан ынталандыруға назар аударылды
С). Шаруашылық дербестік ұлғайды
D). Басшылық етудің аумақтық жүйесі енгізілді
Е). Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылды
4. Мәтінде сипатталған тарихи үрдіске тән емес белгі.
«Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, ерекектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды»:
А). Аналық ру үстемдігі
В). Қауымның меншігі ортақ болды
С). Жеке меншіктің үстемдігі
D). Қауым мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттерін бөлісуі
Е). Қауым мүшелерінің құқығының тең болуы
5. Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі.
«... адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады»:
А). Қола дәуірі
В). Неолит
С). Кейінгі палеолит
D). Энеолит
Е). Ерте палеолит
6. Мәтінде сипатталған жағдайдың себебіне дала тұрғындарының шаруашылығына енген өзгеріс
«Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті»:
А). Қыста қолда мал ұстау тәжірибесі енгізілді
В). Тәлімді егіншілікке өтті
С). Түйе малын қолға үйретті
D). Аңшылық пен балық аулауға көшті
Е). Көшпелі мал шаруашылығына көшті
7. Дерек тарихи құжаттың қай түріне жататындығын анықтаңыз
«Біз кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, сол кеніштегі қазіргі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкін болады деп санаймыз және сол үшін мына мәселелердің шешілуін талап етіп, қаулы қабылдадық»:
1). Бізге еңбекақы ретінде босатылатын азық-түлік өнімдерінің барлығының да бағасы шұғыл түрде арзандатылсын.
2). Жалақының мөлшері көбейтілсін
3). Ылғалы мол шалшықты зобайда жұмыс істейтін адамдарды кеніш кеңсесінің есебінен су өткізбейтін киім-кешекпен және аяқ киіммен тегін қамтамасыз етсін
4). ...тұрақты жұмыс істейтін орыс-қырғыз (қазақ-авт) училищесі ашылатын болсын
5). Қырғыз (қазақ. -авт) жұмысшылары тұратын казармалардағы жағдай шұғыл түрде жаңартылсын»
А). Петиция
В). Манифест
С). Прокламация
D). Жарлық
Е). Парақша
8. Мәтінде көрсетілген қазақ хандарын анықтаңыз:
Махмұд ибн Уәли «Бахр әл-асрар» еңбегінде жазғандай: «... сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай-қайсысын болмасын олардан пана тапты».
А). Қасым мен Хақназар
В). Тәуекел мен Есім
С). Тәуке мен Жәңгір
D). Керей мен Жәнібек
Е). Мамаш пен Тахир
9. М. Қашқаридің өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бірлі-жарым деректерді оның дүниежүзіне белгілі бір-ақ еңбегін алуға болады. Еңбек «Диуани Лұғат ат-түрік» деп аталады (1070-1074 жж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне де). «Түркі тілдерінің сөздігі» (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әр қилы аударылып жүр. Махмұт ибн Хусайн бұдан бұрын «Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап деген тағы да бір еңбегін жазған сияқты (автор оны «Диуанда» атап-теді), бірақ ол әзір табылған жоқ. «Диуанның» да түпнұсқасы жоғалып кеткен, бізге жеткен жалғыз нұсқа-көшірмесі 1266 жылы жасалған, қазір Стамбұлда сақтаулы («Диуан» 1914 жылы сол жерден табылған болатын)».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет