Мәтінде сипатталған мемлекетті анықтаңыз: Жауабы: Батыс Түрік. 3.«Республикада халық ағарту ісін одан әрі жақсарту мақсатымен Қазақстан Қ (б)П Орталық Комитетінің Пленумы қаулы етеді:
1. Өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу мен оқыту аса маңызды саяси және әлеуметтік іс деп танып, Қазақстан К(б) П облыстық, қалалық, аудандық комиеттерінен, республиканың барлық партия ұйымдарынан халық ағарту мәселелерімен күнбе-күн шұғылдану талап етілсін, бұл жөнінде жалпыға бірдей ...оқуды жүзеге асыруға, педагогикалық кадрларды даярлауға, бір сыныпта екі жыл оқуды және мектептерден оқушылардың кетіпқалуын жоюды қамтамасыз ететін оқыту және тәрбиелеу жұмысының сапасын арттыруға көңіл бөлінсін.
2. Республиканың партия және кеңес ұйымдарына мыналар міндеттелсін:
А) мектеп жасындағы барлық балалар жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап мектептерге оқуға тартылсын, барлық жерде оқушылардың барлығы оқуға келетін болсын, оқудың толық курсын бітірмей тұрып, олардың мектептен кетіп қалуына жол берілмесін; алдыңғы қатарлы елді мекендердің жақсы жұмыс тәжірибелерін кең таратып, балалардың жалпыға бірдей жетіжылдық оқуын жүзеге асыру жөнінде халық арасында үгіт-көпшілік жұмысы өрістетілсін;
Ә) ...сонымен бірге тым кішкене мектептер және оқушылары толық емес сыныптар ашуға, сол сияқты отарлы мал шаруашылғы участоктерінде көшпелі мектептер ашуға жол берілмесін;
Б) мектептер жанында қоғамдық интернаттар ұйымдастыру, жалпыға бірдей оқу қорын, оқушыларды алыстағы мектептерге жеткізіп тұру жөнінде кезек күтірмейтін шаралар қолданылсын».
Мәтінді оқып, берілген уақыттағы жалпыға бірдей білім беру ұзақтығын анықтаңыз Жауабы: Жеті жылдық 4.«Мемлекет қалпы»
Россия демократиялық, федеративті республика болу (Демократия мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративті республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)
Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауына кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.
Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Дума үкімет үстіне қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.
Жауабы: Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.
Партия қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына тырысады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады...»