Мәтіндер: «Бөліп шығару» «Пестицидтердің маңызы» «Дәрумендер» «Қан тобы» «Асқазан-ішек жолдары аурулары» «Көру жүйесі» Қалқаншаманы бездері. Көміртек айналымы Көздің құрылысы. 10. Иммунитет 11. Қоректену 12. Гомеостаз МӘтін: «Бөліп шығару»



бет5/6
Дата14.06.2023
өлшемі24,26 Kb.
#101260
1   2   3   4   5   6
Көміртек айналымы
Атмосфера мен дүниежүзілік мұхит арасында үнемі C алмасуы болатының ескеру керек . Бірақ көптеген теңіз ағзалары «көміртекті бекітеді» , яғни оны ерімейтін күйге айландырады да , «айналымнан алады» .Мысалы, маржандар, ұлулар мен кейбір бақалшақтылар мұхит муынан көміртекті сіңіріп , өздерінің қатты жабынын түзіп, оны кальций карбонаты немесе әктас түрінде жинайды.
66.Атмосфера мен дүниежүзілік мұхит арасында жүретін алмасу D) алмасуы
67.Теңіз ағзаларының көміртекті бекітуінен туындайтын өзгеріс Е)ерімейтін күйге айналады
68.Маржандар мұхиттан сіңірген көміртегінен түзілетін құбылыс Е)қатты жабын түзеді
69.Бақалшықтылар мұхит суынан сіңіретін элемент В)көміртек
70.Маржандар,бақалшақтылар,ұлулар жабынын құрайтын көміртек түзілісі С)әктас

Көздің құрылысы.
Көздің құрамына қосымша бөліктері: қабақ,қас,кірпік,жас безі, көз бұлшық еттері және көз немесе көз алмасы кіреді. Сыртқы бірінші қабығы- тығыз дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Ақ қабыққа көз алмасын қозғалтатаын бұлшық еттер бекиді. Ортаңғы екінші-тамырлы қабық. Оның көптеген ұсақ қан тамырлары көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың ішкі бөлігі артық жарық фотосезімтал рецепторларды зақымдамауы үшін қара түсті болады . Алдынан тамырлы қабық нұрлы қабықты түзеді . Осы қабық пигменті көздің түсін (қара, қоңыр, көк, жасыл және т.б) анықтайды. Нұрлы қабық орталығында-қарашық болады. Нұрлы қабық қарашық мөлшерін реттейді . Егер жарық көмескі болса, қарашық ұлғаяды, ал жарық жарқыраған болса, тарылады
61.Көздің құрамына қосымша бөлігіне кірмейді С)нұрлы қабық
62.Сыртқы бірінші қабығы В) ақ қабық
63.Ақ қабық тұрады Д) дәнекер
64.Тамырлы қабық қызметі С)қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді
65.Тамырлы қабықтың ішкі бөлігі артық жарық фотосезімтал рецепторларды зақымдамауы үшін В)қара түсті болады
Иммунитет
Иммунитет (лат.иммунис-бір нәрседен босату)-бұл ағзаның жүқпаларға (бактериялар мен вирустарға) және кез келген бөтен бөлшектерге қарсы тұру қасиеті. Ағзаны жұқпалардан қорғауды қанның ақ жасушалары- лейкоциттер қамтамасыз етеді. Олар ағзаны екі әдіспен қорғайды:-1)микробтарды жояды-фагацитоз;2) микробтарды жоятын немесе арнайы қорғаныш нәруыздар –антиденелерді жасайды. Нейтрофилдер (ұсақ) және моноциттер (ірі)-ең белсенді макрофагтар. Олар бактерияларды, өкпедегі тозанды және басқа зиянды бөлшектерді жояды
66.Ағзаның жұқпаларға және кез келген бөтен бөлшектерге қарсы тұруы С)иммунитет
67.Иммунитет лат. аударғанда Е)босату
68.Ағзаны жұқпаларды қорғауды қамтамасыз ететін қан жасушасы Д)лейкоциттер
69.Бактерияларды және басқа зиянды бөлшектерді жояды. Е) нейтрофилдер
70.Лейкоциттер микробтарды жоятын немесе арнайы қорғаныш нәруыздар жасайды А)антидене



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет