Название презентации



Дата13.04.2022
өлшемі5,58 Mb.
#30936
Байланысты:
9 Дәріс

Тақырып:Әр түрлі жас кезеңдерінде сенсорлық жүйелердің функцияларын өзгерту

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі   Павлодар педагогикалық университеті Жарылытыстану жоғары мектебі  


биология ғылымының кандидаты, доцент Кабиева С.Ж.

Пәні: «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы және психологиясы»

Мақсаты: Сенсорлық жүйенің жас ерекшеліктерімен танысу және білім қалыптастыру

Негізгі терминдер мен ұғымдар: анализатор,ақ қабық, қасан қабық, тамырлы қабық

Дәрістің негізгі сұрақтары

  • Сенсорлық жүйерелдің жалпы құрылысы, қызметі
  • Көру анализатор, құрылысы, қызметі, жасқа сай ерекшеліктері
  • Есту анализатор, құрылысы, қызметі, жасқа сай ерекшеліктері

ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАЛАРДЫҢ ӘСЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАП, ТАЛДАП, ТАЛҚЫЛАП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ СЕЗІМ ТУДЫРАТЫН КҮРДЕЛІ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖҮЙЕНІ АНАЛИЗАТОР ДЕЙДІ.

БАРЛЫҚ АНАЛИЗАТОРЛАР ҮШ БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ


орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

өткізгіш бөлім (сезгіш нерв, қыртыс асты ядролары);



сезгіш немесе перифериялық (рецепторлық) бөлім;

КӨРУ АНАЛИЗАТОРЫ

Көздің құрылысы. Көз алмасының пішіні шар тәрізді. 2/3 бөлігі бас сүйектегі көз шарасымен қоршалады. Көз алмасын солға, оңға, жоғары, төмен қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер арқылы көз шарасына бекінеді. Ақ қабық көз алмасына пішін береді. Алдыңғы бөлігі қасаң қабыққа жалғасады. Қасаң қабық жарықты өткізеді. Тамырлы қабықта қан тамырлары көп. Ол көздің барлық ұлпасын қоректік заттармен, оттекпен қамтамасыз етеді. Тор қабықта жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар орналасқан. Қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ, көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ дейді.

Көру қызметі. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.

Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.

Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.

КӨЗДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жаңа туған нәресте, балаларда

көз алмасының салмағы 2-4 грамм

көз жасының безі жаңа толық жетілген, оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды

2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады

қ а р а ш ы ғ ы өте жіңішке, диаметрі 1,5 мм ғана. Екі көзінің қарашығы тек қана 1 айға толғанда сәйкестеліп, қарашық рефлекстері пайда болады

қасаң қабық пен көз бұршағының арасы жақындау орналасқан

сауытша клеткалары жетілмеген сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды

2 жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет атқара бастайды.

Дәм талдағышы

- Дәм рецепторлары – дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағында, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан.

Иіс талдағышы

- Иіс сезім жүйесінің рецепторлары жоғарғы мұрын кеуілжірінде орналасқан. Иіс рецепторларының ауданы шамамен 5-8 см2.

Ауа неғұрлым таза болса, иіс талдағышының сезімталдығы соғұрлым жоғары болады.

Тері талдағышы

- Терморецепторлар теріде, көздің қасаң қабығында, шырышты қабықшаларында, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі гипоталамуста, таламуста, жұлында орналасады. Олар жылу және суық рецепторларыболып екі түрге бөлінеді. Бет пен мойын терісінде терморецепторлар көп орналасқан.

Материалды өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

 

1. Талдағыштардың құрылысы және жіктелуі.

2. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.

3. Ерте балалық шақта сенсорлық қабылдаудың рөлі.

4. Көру және есту талдағыштарының құрылысы және қызметі.

5. Дәм, иіс талдағыштары, қызметтері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • Дүйсенбин К., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: оқулық .- Алматы, 2003
  • Югова Е.А. Возрастная физиология и психофизиология: учебник для студентов. Учреждений высш. Проф. Образования/ Е.А.Югова, Т.Ф. Турова.-2-е изд., стер.-М.: Издательский центр «Академия», 2012. -336 с.
  • Каташева А.Ч. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы: Оқу құралы/А.Ч. Каташева-Алматы: Альманах,2016.-89 б.
  • Сарсекеева Г.Ж. Возрастная физиология человека: учебно-методическое пособие/Г.Ж. Сарсекеева; АТУ.-Алматы:Нур-Принт,2016
  • Лысова Н.Ф. Возрастная анатомия и физиология: уч. пособие для вузов/Н.Ф.Лысова, Р.И.Айзман.-М.:Инфра –М,2016.-352 с.
  • Резник Л.В. Возрастная физиология и школьная гигиена. Электронное пособие - Павлодар: ПГПИ, 2012.
  • Обухова Л.Ф. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова – М.: Издательство Юрайт, 2016-460 с._ серия Бакалавр. Базовый курс

Назарларыңызға рақмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет