127
(Жапония);
-
мұрынмен сүйкену (Жаңа Зеландия);
-
бір-бірінен алыс қашықтықта тұрып, бір-бірінің қолын алу
(Ұлыбритания);
-
қатты құшақтап, бір-бірін беттерінен үш рет сүю (Ресей);
-
тілін көрсету (Тибет);
-
бір-біріне жақын тұрып, бір-бірінің қолын қатты қысу (Германия);
-
құшақтасып, кезекпен беттен төрт рет сүю (Париж).
Қатысушылар бөлмеде жүгіріп жүріп, карточкада көрсетілген тәсілмен
бір-бірімен амандасады.
Талқылау: ойын сізге ұнады ма? сіендердің сәлемдесулерің қай елдерден
келгенін табуға тырысыңдар, қандай да бір жолмен амандасу қиын болды ма?
қандай да бір сәлемдесулер күлкілі болып көрінді ме? осы елдердің адамдары
сендердің сәлемдесулеріңе қалай жауап берер еді? біздің өмірімізде сәлемдесу
қандай рөл атқарады?
2.
Негізгі бөлім
«Таныстар ортасы»
Мақсаты: қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, топты біріктіру.
Бүгін біз «кішкентай паровоз» болып ойнаймыз. Алғашқыда паровоздың
вагондары болмайды және біз паровоз етіп таңдаған бала «чух ‒ чух – чух» деп
қатты дыбыстай отырып, шеңбер бойынша жалғыз «жол жүретін» болады.
Содан кейін «паровоз» зерігіп кетеді де, кез келген балаға немесе қызға «чух ‒
чух – чух» деп айтып жақындайды да, өзінің атын айтады. «Паровоз» жақындап
келген бала жауап ретінде өзін атын айтады да, жаңа «паровоз» болады, ал
бірінші «паровоз» оның «вагоны» болады. Жаңа «паровоз» «вагонымен» бірге
шеңбер бойымен қозғалысын жалғастырады, содан кейін кез келген балаға
жақын келіп, «чух ‒ чух – чух» деп өзінің аты мен «вагонының» атын айтады.
«Паровозға» барлық балалар қосылмайынша, ойын жалғаса береді. Егер
«паровоз» сынса, яғни балалардың бірі өзінің «вагонының» атын ұмытса, онда
ойынды басынан бастаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: