167
Ресурс 1
№1 Шаттық шеңбер
Шаттық шеңбері – сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл-күймен
ұйымдастыруға бағытталған.
Мұғалімнің балалармен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен еркін
қарым-қатынас жасайды, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мұнда әрбір
бала өзін еркін сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді,
өзіне, өзгелерге сенім артады.
Ресурс 2
№1 Ашық және жабық сұрақтар
Мұғалім: Химияны зерттеудің обьектісі қандай?
Оқушылар: Заттар.
Мұғалім: Химия тек заттарды зерттей ме?
Оқушылар: Заттардың қасиеттері, құрамы және құрылымын.
Мұғалім: Заттар қалай жіктеледі?
Оқушылар: Жай және күрделі.
Мұғалім: Жай заттар қалай жіктеледі?
Оқушылар: Металдар және бейметалдар.
Мұғалім: Күрделі заттар қалай жіктеледі?
Оқушылар: Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар (Олар анықтамалық
тізімде жазылған).
Мұғалім: жай заттардың металдар мен бейметалдарға бөліну принципі
қандай?
Оқушылар: Кей металдың жылтырлығы, соғу, жылу және электр
өткізгіштері болғандықтан, кейбіреулерінде бұл физикалық қасиеттер жоқ.
168
Металдар – бірінші электр тогін өткізгіштер (заряд тасымалдаушы –
электрон).
Мұғалім: Металлдар электрөткізгіштігі ғана емес, көптеген күрделі
заттардың ерітінділері мен балқымалары да бар. Бұл заттар қандай деп
аталады?
Оқушылар: Электролиттер (анықтамаларын дәптерлеріне жазады)
Мұғалім: Электролит қандай заттар?
Оқушылар: Қышқылдар, негіздер және тұздар.
Мұғалім: Қандай заттар бейэлектролиттер деп аталады және оларға не
жатады?
Оқушылар: Бұл ерітінділер мен балқымалардың электр тогін өткізбейтін
заттар. Жай заттар мен оксидтер.
Мұғалім: Электролитті иондарға ыдырату процесі қандай?
Оқушылар: Электролиттік диссоциация.
Мұғалім: ЭДТ терминінде қышқылдардың, негіздердің және тұздардың
анықтамасын беріңіз.
Оқушылар: орнынан ерікті жауап.
Достарыңызбен бөлісу: