188
Қосымша 6
Мұғалімнің аты-жөні: Б.А. Каратаева
Сабақтың ақпараттық картасы. (Арнайы сынып)
Мұғалім: Каратаева Б.А.
Пән: Математика
Сынып: 2 «А» (I тип)
Ортақ тақырып: «Туған өлкем»
Сабақтың тақырыбы: 8 саны көлемінде қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: заттық-тәжірибелік әрекет ізімен «+» (плюс), «–»
(минус), «=» (тең) белгілерін пайдалана отырып 8 саны көлемінде қосу мен
азайтуға есеп құрастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: оқушылардың қосу, азайту амалдарына байланысты есеп
құрастырулары.
2. Түзету-дамытушылық: есте сақтау дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: туған өлкені таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1-ден 8-ге дейінгі кеспе сандар, апта күндері, ай аттары
жазылған парақша, қосу, азайту, тең таңбалары, фребель құралы, жұмыртқа
ұяшығы, қима қызыл, жасыл, сары шарлар суреті, ғимараттардың суреттері,
тапсырма жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: