Мұхамеджан Тынышбаев



бет2/7
Дата01.04.2022
өлшемі1,28 Mb.
#29538
1   2   3   4   5   6   7

Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда өкіметінің негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбайұлы Талдықорған облысының Қапал ауданында дүниеге келген. Бұл өңір сол уақытта орыс ұлты көп шоғырланған аймақ еді. Қазақ мектебі де жоқ болатын. Мұхамеджан кішкентайынан өзі қатарлас орыс балалармен ойнап жүріп, орысшаны жетік біліп өседі. Әкесі Тынышбай кісілігі мол, көзі ашық, ауыл-аймаққа беделді адам болған. Анасы Шаһизадабану (Шəпен) келбетті, ақжарқын жан деседі.

  • Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда өкіметінің негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбайұлы Талдықорған облысының Қапал ауданында дүниеге келген. Бұл өңір сол уақытта орыс ұлты көп шоғырланған аймақ еді. Қазақ мектебі де жоқ болатын. Мұхамеджан кішкентайынан өзі қатарлас орыс балалармен ойнап жүріп, орысшаны жетік біліп өседі. Әкесі Тынышбай кісілігі мол, көзі ашық, ауыл-аймаққа беделді адам болған. Анасы Шаһизадабану (Шəпен) келбетті, ақжарқын жан деседі.
  • Бірде Тынышбайдың үйіне Лепсі медресесінде дәріс беретін Хамитмағзұм молда қыдырып келеді. Молдаға бес жасар Мұхамеджан бір көргеннен ұнап, әкесінен ұлын медресеге жіберуін бүкпесіз сұрап, көндіреді. Содан жылға жетпей өжеттілігімен көзге түскен бала Мұхамеджан арабша хат таниды.
  • Әкесі баласының білім жолындағы бетін қақпай Лепсіде оқып жүрген жерінен Алматыға әкеліп, ерлер гимназиясының дайындық курсына оқуға береді. Мұхамеджан гимназияда жүргенде математика, логика, геометрия пәндерін терең меңгеріп, орысша, французша еркін сөйлеуді үйренеді.
  • Мұхамеджанның бала күнгі арманы тарихшы болу еді. Гимназияны алтын медальмен тәмамдайды. Гимназия директоры Жетісу облысының әскери губернаторына Мұхамеджанды «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі» екенін айтып, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия тағайындауын өтінген. Осылайша 1900 жылы Тынышбаев Санкт-Петербург қаласындағы императорлық жол қатынасы институтына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет