49
Хандәк соғысы
Сағд ибн Муғаздың анасы да мазарға келді. Ол
кісіні сахабалар қабір басынан жырақ алып кетуге ты-
рысты. Бірақ Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сағдтың анасын қоя беріңдер! – деді. Екі ұлының
бірі Ұхыд соғысында шейіт болса, екіншісі де баян-
дап кеткеніміздей Аллаһ жолында құрбан болды. Қос
қанатындай болған екі ұлынан да айрылған кейуа-
на бір жағынан емешегі езіліп жыласа, бір жағынан
екі ұлының да дін жолында құрбан болғанын көңілге
медеу тұтып, іштей қуанып тұрды. Сондықтан да:
– Аллаһ тағаланың мейірім-шапағатына бөлене
берсін! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
– деген тілегін жаудырды. Мәйіт көрге қойылып, үсті
топырақпен толықтай көмілгенге дейін қабір басында
тұрған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Сағд ибн
Муғаз үшін дұға етіп, үйіне қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: