МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет23/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   155
ұМра сапары және ХұдайБия
Мұсылмандар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан 
айрылды. Ендігі жерде олардың мақсаты Мекке-
де бейбітшілік орнатып, Қағбада еркін құлшылық 
ету болды! Бір күні Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
түс көреді. Түсінде сахабаларының бір бөлігі 
шашын тықырлатып алдырып, енді бір бөлігі шашын 
қысқартып Қағбаны қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз 
етіп тұр екен. Қағбаның кілтін алып, ұмра жасапты. 
Таңертең көрген түсін сахбаларға баяндап 
берді. Бұны Мәдина халқы қуанышты хабар ретінде 
қабылдады. Өйткені, олар бұл түсті Меккенің алынуы 
деп жорыды. Меккеге барып, Қағбаны зиярат етіп, 
сағыныштарын басуға асыға бастады. Бұл қуанышты 
хабар сахабаларға айтарлықтай дем берді.
Іле Мекке жорығына дайындық жұмыстары бас-
талды. Анығында, Мекке қаласы ешкімнің жеке-да-
ра иелігінде бола алмайды. Оны аталары Ибраһим 
пайғамбар салған. Аллаһ тағалаға құлшылық 
етсін деп кейінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған. 
Қазіргі таңда бұл қала өзге дінбұзар мүшріктердің 
қолында. Меккенің қасиеті мен қадірін танытатын 
да Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
болмақ! Ендігі 
жерде Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Меккеге 
барып мұсылмандарға қалай құлшылық рәсімдерін 
көрсетіп үйретудің уақыты келген болатын!
Осы кезде Мәдинаға Буср ибн Суфиян келді. Келе 
сала өзінің Ислам дінін қабылдағанын жариялады! 


56
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Қайтадан кері қайтайын деп тұрғанда, Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған былай деді:
– Уа, Буср! Кетуге асықпа! Бәлкім, бәріміз бірге ба-
рармыз. Өйткені, біз де ұмраға ниет етіп жатырмыз!
Мұсылмандардың мақсаты соғыс емес, тек 
қажылықты өтеу ғана болатын! Қолдарына тек жабайы 
аңдардан қорғану үшін шағын қылыштарын ғана алды. 
Бұл сапар барысында құрбандыққа шалу мақсатында 
өздерімен бірге біраз қой мен түйе де алып шықты. 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
де осы мақсатта өзі 
үшін бір түйені алғызды. 
Аптаның басы болатын. Хижри алтыншы жылдағы 
Зұлхижжа айын көрсетіп тұр. Құтты бөлмесіне кіріп 
дәрет алған Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
үстіне екі 
қабат киім киіп, есік алдында тұрған Қасуаға мініп 
жолға шықты. Осылайша, әлемнің орталығына сапар 
басталды. Бұл сапар кезінде қасында Үмму Сәләма 
анамыз еріп жүрді.
Бұл жолы да Мәдинаға бас-көз болуға Ибн Үмму 
Мактум қалды
18
. Екі жүз атты кісіні қосқанда сапарға 
шығатын мұсылмандардың ұзын саны төрт жүз кісі 
болды
19
. Аз болса да жан-жақтағы араб тайпаларынан 
келіп қосылған мұсылмандар ұмраға барушылардың 
18
Хұдайбияға кеткен кезде Мәдинаға Нүмәйла ибн Абдуллаһ әл-Ләйси 
немесе Әбу Рухм Гүлсім ибн Хусайынды қалдырғандығы да айты-
лады. Үшеуін бірдей қалдырып, Ибн Үмму Мактумға намазда имам 
болуды тапсырды. Қараңыз: Бәлазури, Ансабул-Әшраф 1/154; Салихи, 
Сүбулүл-хүда уәр-рәшад 5/33
19
Деректерде Меккеге ұмра жасау мақсатында жолға шыққан 
мұсылмандардың саны мың үш жүз, мың төрт жүзден аса, мың бес жүз, 
мың бес жүз жиырма бес, мың алты жүз, мың жеті жүз немес мың сегіз 
жүз деп әр түрлі айтылады. Мың төрт жүзден астам адам көбіне жол 
бойы қосылған өзге мұсылмандар болса керек. Тіпті, мұсылмандардың 
әйел және бала-шағаны да есепке қоспауы да түрлі пікірдің айтылуына 
себеп болған! Қараңыз: Салихи, Сүбулүл-хүда уәр-рәшад 5/70-71.


57
Ұмра сапары және Хұдайбия
санын көбейте түсті. Бұлардың арасында Үмму Үмара, 
Үмму Мәни Әсма бинти Әмір және Үмму Әмір әл-
Әшһәлия секілді әйел сахабалар бар еді. Әлгі түсті 
естігеннен кейін бұлардың бәрі де Қағбаны тәу етіп, 
ұмра жасайтындықтарына титтей де күмәнданбады. 
Зул-Хулайфаға келгенде бесін намазының уақыты 
кірді. Сол жерде құлшылықтарын атқарды. Сол 
арада Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
құрбандық 
мақсатында әкеле жатқан жетпіске жуық түйеге ен 
салдырды. Құрбандықтар Құбылаға қаратылып, оң 
жағына ен басылды. Құрбандықтың бір бөлігіне 
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзі белгі 
қойып, қалған бөлігін Нажия ибн Жүндабқа тапсыр-
ды.
Бір кезде жаңадан мұсылман болған Бүср ибн Су-
фиянды қасына шақырып, бақылаушы ретінде алдына 
шығуды бұйырды. Сондай-ақ, Аббад ибн Бишрді де 
жиырма адамдық тобымен
20
алда кездесуі мүмкін 
қарсылықтың алдын алу үшін алдыға жіберді.
Осы кезде Омар мен Сағд ибн Убада таяп келді. 
Олар Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өздерімен 
тағы біраз қару алу қажеттігін айтуға келген болатын. 
Анығында алаңдауларына себеп жоқ емес. Өйткені, 
Құрайыш тайпасының не істейтінін ешкім білмейді. 
Бұлар құлшылық мақсатында келе жатқанымен 
олардың бұған көне қоюы екіталай. Сондықтан, 
сақтықта қорлық жоқ. Бірақ сахабалар қанша өтінсе 
де Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жолға қажет азын-
аулақ қарудан артықғын алуға тыйым салды. Себебі,
мұсылмандар ғибадат етуді ғана ниет етуі тиіс еді.
20
Бұл топтың жетекшісі Сағд ибн Зайд болған деген дерек бар. 
Қараңыз: Уақиди, Мағази 1/574; Салихи, Сүбулүл-хүда уәр-Рәшад 
5/34


58
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет