МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет36/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   155
Екі жақты бейбіт мәмілеге келу 
ізденістері
Хазірет Осман Меккеде өзіне тапсырылған ша-
руаларды тындырып жүргенде мына жақта Аллаһ 
расулы мен сахабалары қатты алаңдап, оның келуін 
асыға күтумен болды. Құрайыштықтар қасарысып, 
қақтығысқа желпініп отырса да, талай соғыстан аузы 
күйгендіктен дайындықсыз, тағы бір соғысты бастауға 
батылдары бармады. Мұсылмандар дегенде ашу-
ызадан жарылажаздайтындай ашулы болғандарына 
қарамастан жағдай бақылаудан шығып, қақтығысқа 
ұласып кетпеуі үшін әр қадамын аңдап басатын болған. 
Сондықтан, әрбір жаңа жағдайға өздерінше баға беріп, 
өзара ақылдасып, мақұлдасып, ортақ тұжырымға келіп 
отырды. 


98
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Мына жақта ардақты сахабалар елші ретінде кеткен 
хазірет Османның жағдайына алаңдап екі көздері төрт 
болып, жолын күтумен таң атырып, кеш батырды. 
– Арамыздан Осман барып, Бәйтуллаһқа тауабын 
жасап жатқан болар, – дегендерге Аллаһ расулы:
– Біз мұнда жолын қарап, күтіп отырғанда ол 
Бәйтуллаһты тауап жасап жүруі мүмкін емес, – деді. 
Осыны естіген кейбір сахабалар:
– Ақыр барған соң тауап жасауына не кедергі бар? 
– деп сұрақтарын жиілете берді. Хазірет Османды 
жақсы танитын Аллаһ расулы оларға:
– Мен ол туралы осылай ойлаймын. Осман Мек-
кеде бір жыл қалса да біз тауап жасамастан өздігінен 
ешқашан Қағбаны тауап етпейтініне сенімдімін, – деп 
басу айтты. 
Жағдайдың ушығып бара жатқанын көріп 
пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
түнгі уақытта 
сахабаларының қарауылға тұруын бұйырды. Әус 
ибн Хаули, Аббад ибн Бишр және Мұхаммед ибн 
Мәсләмә сынды кісілер өзара уақыт белгілеп алып 
кезек-кезек қарауылдап, сақтық әрекетке көшті. Бұл 
пайғамбарымызға тән сезімталдық, болашақты тап 
басып болжау қасиеті еді. Мұның бекер емес екендігі 
көп ұзамай-ақ белгілі болды. Өйткені, Мұхаммед ибн 
Мәсләмә күзетте тұрған кезінде араларында Микраз 
ибн Хафс бар елу қаралы құрайыштық адам келіп, 
сахабалар тұрып жатқан жерде айналсоқтап жүрді. 
Құрайыштықтар оларды мүміндерге сес көрсетуге, 
сәті туғанда тұтқиылдан шабуыл жасап, ойсырата 
соққы беру үшін арнайы аттандырған болатын. 
Осы жағдайды байқап қалған Мұхаммед ибн 
Мәсләмә дереу шұғыл әрекет жасап, құрайыштың 
адамдарын тұтқынға алды. Араларынан тек әккі 


99
Ұмра сапары және Хұдайбия
Микрәз ғана сытылып қашып кетті. Тұтқындар 
Аллаһ расулының алдына әкелінген сәтте Микрәз да 
құрайышқа жетіп, жағдайды баяндап берді. 
Енді бір жақтан Күрз ибн Жабир, Абдуллаһ ибн 
Сухәйл, Абдуллаһ ибн Хузәфә, Умәйр ибн Уәхб, Әбур-
Рум ибн Умәйр, Хишам ибн Ас, Әбу Хатыб ибн Амр, 
Абдуллаһ ибн Әби Умәйя, Айяш ибн Әби Рабия, Хатыб 
ибн Әби Балтәа сынды сахабалардың бірқатары жасы-
рын түрде Қағбаға баруды қалайтындықтарын айтты. 
Пайғамбарымыз олардың табанды талабын құп көрді. 
Алайда, құрайыштықтар әлгі сахабалардың жасырын 
түрде өз араларына келгенін біліп қойып, бұдан қатты 
қауіптеніп, сол сахабалардың барлығын тұтқынға 
алды. 
Мұхаммед ибн Мәсләмәнің құрайыш адамда-
рын да тұтқынға алғанын естігенде жағдай тіптен 
ушыға түсіп, қырғи қабақ жағдай орнады. Дереу бір 
топ құрайыштық Хұдайбияға аттанып, Аллаһ расулы 
мен сахабалына қарай тас пен оқ жаудыра бастады. 
Бұл кезде сахабалар кез-келген жағдайға сақадай-сай 
дайын тұрды. Осы бір қақтығыс кезінде құрайыштан 
тағы да он екі кісі тұтқынға түсті. Биіктеу бір төбеге 
шыға бергенде оқ тиген Ибн Зәним атты сахаба сол 
жерде шейіт болды. 
Екі жақтың да соғысуға құлығы болмаса да 
соғыс өрті тұтана бастағандай жағдай орнады. 
Мұндай болмашы бір тамызықтың өзі соғыс өртін 
тұтатуға жеткілікті екені сөзсіз. Ұсақ бір мәселенің 
өзі алдын-алып болмайтын шиіленіске апаратыны 
анық. Сондықтан, құрайыштықтар шұғыл түрде бас 
қосып, ушыға бастаған жағдайға байланысты стра-
тегия ойластыра бастады. Жиын соңында Сухәйл 
ибн Амр, Хуәйтиб ибн Абдулузза және Микрәз ибн 


100
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Хафсты мұсылмандарға елші ретінде жіберуге шешім 
қабылданды. Осы негізде арада қалыптасқан қырғи-
қабақ салқындықты сәл де болсын сейілтуді көздеді.
Алыстан Сухәйлдің келе жатқанын көрген Аллаһ 
расулы сахабаларына қарап: 
– Іс жеңілдей түсетін болды, – деп, оның есімін 
жақсыға жорыды. Өйткені, «Сухәйл» сөзі «жеңілдік» 
деген мағынаны білдіретін. 
Осы уақытта құрайыштың елшілері де келіп жетті. 
Сухәйл ибн Амр Аллаһ расулының жанына жақындап 
келіп:
– Ей, Мұхаммед! – деп дауыстады. Дау-
ысынан аздап діріл байқалды. Осының өзі-ақ 
құрайыштықтардың психологиялық жай-күйін 
ұқтырған еді. Құрайыштың да бейбіт мәмілеге келуді 
қалайтыны салған жерден белгілі болды. Бұрынғыдай 
төбеден қарап, менсінбей шікірейген кейіптері бұл 
жолы байқалмады. Енді міне екі жақты теңдей 
қарсыластар ретінде келісім жасаудың нышаны 
байқала бастады. Сухәйл сөзін ары қарай сабақтап: – 
Достарыңның тұтқынға алынуы, саған шабуылдамақ 
болып өздері тұтқынға түскен топтың әсіре әрекеттері 
біздің ұстанған бағытымыз емес. Жағдайдың осы-
лайша өрбитінін ойламап едік. Жағдайды естігенде 
мұны құптамайтынымызды, ашып айттық та. Олар 
арамыздағы кейбір ессіздер мен санасыз тобырдың 
әрекеттері. Ең әуелі айтарымыз, алдыңғы жолы 
тұтқынға алған адамдарымыз бен мына соңғы оқиғада 
тұтқынға түскен адамдарымызды босат, – деді. 
Сухәйлді байсалды қалпынан айнымай тыңдаған 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сендер менің сахабаларымды босатпайынша 
мен де сендердің адамдарыңды босата алмаймын, – 
деді. Иә, Аллаһ расулының айтқаны қисынды ұсыныс 


101
Ұмра сапары және Хұдайбия
болатын. Қала берді, Қағбада тұтқынға алынған са-
хабалар олардың адамдары сынды шабуылдап, әсіре 
әрекеттер де жасамаған болатын. Сондықтан құрайыш 
елшілері:
– Орынды ұсыныс, – деп дабырласты. Осыдан 
кейін Сухәйл ибн Амр бастан келген топ Шуәйм ибн 
Абдіманапты құрайышқа жіберіп, тұтқынға алынған 
он сахабаны босатып, кері қайтаруын өтінді. Иә, 
қайтадан бейбіт келісімге келетіндей үміт байқалды. 
Аллаһ расулы да сахабаларына айтып, құрайыштың 
тұтқындарын босатуды бұйырды. 
Айтылғандар сол заматта жүзеге асып, 
құрайыштықтар тұтқыннан босатылды. Алайда осы 
тұста бір күтпеген суыт хабар тарап кетті. Тұтқыннан 
босатылған он сахаба мен хазірет Осман жолда келе 
жатып, шабуылға ұшырап шейіт болғаны жайлы жа-
манат сахабаларды дүрліктірді. Осыдан кейін жағдай 
күрт өзгеріп сала берді. Енді міне, жаңа жағдайда 
екі жақтың стратегиясы өзгеріп, жаңа есеп-қисаптар 
жасала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет