МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет33/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   155
Уруәнің көкейге түйгендері
Ардақты сахабалардың жай-күйі мен ақ жарқын 
көңілдері Уруәні қатты таңғалдырды. Сол себепті 
құрайыштықтарға барған бойда:
– Уа, қауымым! – деп сөз бастады. Мұсылмандарды 
жақыннан бақылап, сол жердегі жалпы жағдайды топ-
шылап, көкейге түйіп қайтқаны түрінен белгілі еді. Сөз 
емес, мұсылмандардың шынайы жай-күйі оған қатты 
әсер еткен еді. Сондықтан сөзін ары қарай сабақтап 
былай деді: 
– Осы күнге дейін мен Кисра, Қайсар және 
Нәжәши сынды талай патшалардың алдына елші 
ретінде бардым. Алайда, осы кезге дейін өз басшыла-
рына мойынсұнуға келгенде Мұхаммедтің сахабалары 
сынды жамағатты көрген емеспін. Уаллаһи, Өзі патша 
болмаса да о заманда, бұ заман дәл Мұхаммедтей 
құрметке бөленген жанды көрмеппін.
Аллаһтың атымен ант етемін! Жерге түкірсе кейбір 
сахабалары түкірігінің өзін жерге түсірмей қағып алып, 
жүзіне, бетіне жаққанын көзіммен көрдім. Бір нәрсенің 
жасалуын қалап, соны ымдаса болды соны орындау 
үшін сахабалары бір-бірін таптап кетердей сол іске 
жарыса жұмылатынын байқадым. Дәрет алатын кезде 
сахабалары бір-бірімен төбелесе жаздайтындай сол 
суға ырымдап таласқанын көрдім. Бір тал шашының 
өзін жерге түсіріп алмау үшін сахабалары қатты 
ыждағаттылық танытатынын байқадым. Сөйлей ба-
стаса болғаны, сол ортада шыбынның ызыңы естілетін 
тыныштық орнай қалады екен. Оған деген терең 
құрметтері сонша ешбір жан жүзіне де тіктеп қарай ал-
майды екен. Рұқсат алмай тұрып ешбірі оның қасында 
сөз сөйлемейді екен. Ол рұқсат берсе ғана сөйлейді, 
рұқсат бермесе үнсіздік сақтайды екен. 


88
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Сендерге расында да өте ыңғайлы бір ұсыныс жа-
сауда. Айтар ақылым, осы ұсынысты қабылдаңдар. 
Мен оларды жіті бақыладым. Айтқандарыма жақсылап 
құлақ асыңдар, егер оларды соғысуға мәжбүрлесеңдер, 
қасық қандары қалғанша сендермен айқасудан тай-
ынбайды. Мен өз көзіммен көріп қайтқандарымды әлі 
санама сіңіре алар емеспін. Тағы да қайталап айтам, 
мен өз көсемдерін ерекше құрметтеуде олардан асқан 
ешкімді көрген емеспін. Егер көсемдерін Бәйтуллаһты 
зиярат етуден тиятын болсаңдар, олар бастарына 
қандай қатер төнсе де қарсы алуға сақадай-сай дайын 
тұр. Кейбір әйелдердің өзі Мұхаммедтің жолында жан-
дарын құрбан етпейінше сендерге көсемдерін бере 
қоятын түрі көрінбейді. Шешім қабылдамай тұрып осы 
айтқандарымды жақсылап ойланыңдар. 
Уа, 
халқым! 
Мен 
сендерді 
ескертіп, 
сақтандырамын. Айтқан ұсынысымды қабылдаңдар! 
Менің қорқынышым, егер де сендер құрбандықтарын 
шалып, қағбаны зиярат етіп, қайтадан кері қайтуға 
келе жатқан бұл кісіні жолынан кері қайтарсаңдар
өзгелердің де қолдауынан айрылып қалуларың бек 
мүмкін.
Иә, расында да Уруә мұсылмандардан қатты 
әсерленіп қайтты. Халқына қарата айтқан сөзі де ра-
сында әсерлі еді. Халық бұны естіп екіұдай ойда 
қалды. Әуелі жиналған топ арасында үлкен үнсіздік 
орын алды. Артынша осы үнсіздікті бұзған бір дауыс 
естілді.
– Бұлай айтпа, ей, Әбә Яфур! Осы сөзді сенен 
басқа ешкімде айтқан емес. Біз қалай болғанда да бүгін 
оны қабылдай алмаймыз. Бәлкім келесі жыл келгендері 
дұрыс болар. 


89
Ұмра сапары және Хұдайбия
Бұл сөздер Уруәнің місе тұтатын сөздері емес еді. 
Сондықтан шыдай алмай:
– Ендеше бір бәлеге тап болсаңдар өздеріңнен 
көріңдер – деді де, өз адамдарын ертіп алып, Тайфке 
қайтып кетті. Құрайыш үшін бұл күтпеген сәтсіздік 
болды. Құдды қорғанның қабырғасы сөгілгендей
майданда жеңілістің алғашқы дәмін татқандай әсер 
қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет