МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Іспен көрсету тұрғысынан жаңаша бір



Pdf көрінісі
бет34/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   155
Іспен көрсету тұрғысынан жаңаша бір 
тәсіл
Бәрінің санасы сарсылып, құрайыштықтар арасын-
да түсініксіз жағдай орнады. Мұсылмандар арасына 
кім барса да, Уруә сынды ерекше сезімге бөленіп қайта 
оралып жатты. Осыны байқаған Ахабиш тайпаларының 
көсемі Хуләйс ибн Алқама:
– Маған рұқсат етіңдерші, бұл жолы өзім барып 
мән-жайды байқап қайтайын, – деп құрайыштан рұқсат 
сұрады. Құрайыштықтар:
– Жарайды, енді сен барып, мән-жайды көріп 
қайт, – деп келісті. Құрайыштан ризашылық алған ол 
мұсылмандар ат басын тіреген жерге қарай жүріп кетті. 
Аллаһ расулы өте парасатты жан болғандықтан 
адамды өте жақсы танитын. Мұсылмандар арасына 
қарай келе жатқан Хуләйсті көріп сахабаларына қарап: 
– Мына келе жатқан пәлен деген тайпаның 
түгенше деген адамы. Ол Аллаһты ерекше ізет тұтатын 
және құрбандық түйелеріне ерекше мән беретін 
кісі. Сондықтан құрбандықтарды алдыға шығарып 
қойыңдар, – дейді.
Пайғамбарымыздың айтқандары сол заматта 
орындалып, құрбандық түйелер жиналып, «тәлбия» 
және «тәкбірлермен» Хуләйс келе жатқан жаққа қарай 
айдалды. 


90
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Түйелер 
жанына 
жақындағанда, 
Хуләйс
мойындарындағы құрбан малының ишаратын 
жазбай таныды. Түйелер он бес күннен бері қораға 
қамалғандықтан азып-тозып, тіпті жүн-жырқасының 
өзі төгіле бастаған екен. Түйелердің бейшара халін, 
ақырып-бақырып өзіне қарай желіп келе жатқанын 
көрген Хуләйстің аузынан «Субханаллаһ» деген сөз 
еріксіз шығып кетті. Ол алыстан өз бетінше айғай салып 
сөйлей бастады: «Мына адамдардың Бәйтуллаһқа 
барып, ұмра жасауына кедергі болған дұрыс емес екен. 
Лахм, Жузам, Киндә, Хымиәр тайпалары келіп ұмра 
міндетін еркін атқарып жүргенде, Абдулмутталибтің 
баласының ұмра жасауына кедергі жасауға Аллаһ 
разы болмас. Бұлардың Бәйтуллаһқа кіруіне кедергі 
болу әсте жөн емес. Қағбаның Раббысының атымен 
ант етейін, мына Құрайш түбінде оңбайды. Мына 
кісілердің расында тек ұмра жасау ниетімен келгені 
көрініп-ақ тұр емес пе?» 
Құрайыштың қасарысқан тоңмойындығына кейіп 
сөйлеп келе жатқан Хуләйсті Аллаһ расулы алыстан 
бақылап қарап тұрып кенет: 
– Дәл өзің айтқандай, ей, Кинанаұлдарының 
бауыры! – деп жауап қатты. Хуләйс пайғамбарымыздың 
жанына келгенмен тілдесуді қажет деп таппады. Келген 
ізімен дереу кері қайтып кетті. Құрайышқа бара салы-
сымен:
– Ей, Құрайыш! – деп дауыстады. Үнінен «мұншама 
қасарысуды доғарсаңдар етті» деген реніш бары 
байқалды. Ынсап пен әділдікті жақтай сөйлегендей 
сыңай байқалды. 
– Мұсылмандарды жолынан бөгеудің мүмкін 
еместігін көрдім. Құрбандық түйелері талай уақыттан 
бері қорада байлаулы тұрғандықтан жүндері төгіліп, 


91
Ұмра сапары және Хұдайбия
арып-ашып кетіпті. Мұсылмандар Бәйтуллаһты 
тауап ету үшін ихрамға оранып қойғандықтан, 
шыбын-шіркей мен жәндіктерден машақат тартып 
жатқандарына да талай уақыттың жүзі болған көрінеді. 
Уаллаһи, біз сендермен адамдарды Бәйтуллаһты 
зиярат етуіне кедергі келтіру, құрбандық малдардың 
бауыздалып тиісті рәсімдердің жасалуына бөгет болу 
үшін келісім жасамадық. 
Аллаһтың атымен ант етейін! Не сендер 
Бәйтуллаһты зиярат етуді ғана мақсат еткен бұл 
кісілерге кедергі болуды доғарасыңдар, не мен Ахабиш 
тайпаларының барлығын үйді-үйіне қайтарып 
жіберемін. Осы екеуінің бірін істеңдер. 
Хуләйстің айтқандары да құрайыштықтардың 
көңілдерінен шықты. 
– Сен біраз күте тұр. Біз өзара ақылдасып алайық. 
Біздің де мүддеміз ескерілетіндей бір байламға келген-
ше сен күте тұр. Әрі сен өзің шөлде өмір сүретін бәдәуи 
адамсың. Мұндай мәселелерді түсінбейсің. Мұхаммед 
жақтан барып көріп қайтқандарыңның барлығы да 
тұзақ, – деп жамырасты.
Күпірлік, сол баяғы қасарыспа күпірлік болатын. 
Күпірлікте парасат пен қисын болмайтыны сынды, 
қарсыласын дәлелсіз, дәйексіз қаралау да күпірліктің 
басты ерекшеліктерінің бірі еді. Құрайыштың бүгінгі 
ұстанымдары да нақ осы болатын. Дегенмен, елші 
ретінде жіберген адамдарының барлығы бірінен кейін 
бірі мұсылмандарды жақтай сөйлеуі де құрайышты 
ойға сала бастады. Осы жолы халықтың Хуләйстің 
сөзінен қатты әсерленіп қалғанын байқаған Микрәз 
ибн Хафс алдыға суырылып шығып:
– Рұқсат етсеңдер бұл жолы мен бір барып 
көрейінші, – деді. Құрайыш оған да келісімін беріп, 


92
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
мұсылмандарға аттандырып салды. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Микрәздің келе жатқанын байқап:
– Мына келе жатқан опасыз әрі арсыз адам, – деп 
сахабаларын ескертті. Осылайша өзінен кейінгілерге 
сөйлесетін адамдарын жақыннан тану, олармен соған 
сай қатынас жасау қажеттігін ұқтырды. Өйткені, 
Микрәз Бәдір соғысы болып жатқан тұста Бәни Бәкір 
тайпасының көсемі Амир ибн Йәзидке тұтқиылдан 
шабуыл жасап, тайпа көсемін өлтіріп, осыдан кейін де 
үнемі осы тәріздес қиянаттарымен танылған кісі бола-
тын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет