Асқар Тоқмағамбетов -ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған. Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Сәбит Мұқанов
Сәбит қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.
Сәбиттің «Бақташының баласы», «Менің мектептерім» атты кітаптары қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етіп келеді. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті.
Сәбит Мұқановтың 110 жылдық мерейтойында
Қазақстанның көрнекті тұлғалары" сериясы. Қазақтың жазушысы Сәбит