Ми құрлымы мен қызметі Әділбек Исламбек Ми жайлы зерттеулер



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата16.11.2022
өлшемі3,05 Mb.
#50606
1   2   3   4   5   6   7
Осылайша
, адам баспалдақ арқылы неғұрлым көп
көтерілсе, оның миы соғұрлым «жасаратыны» белгілі
болған.
Баспалдақпен жүру мидың қартаюын
 бәсеңдетеді


Осы заманның қаһарманына айналған Илон Маск 2016 жылы іртегасын
қалаған, ми-компьютер интерфейсін құрастыратын Neuralink
компаниясы өз технологиясын адамдарға қолдануға әзір екенін
мәлімдеді. Бұл жайында АҚШ-тағы ең танымал подкаст авторы Джо
Роган таяуда жариялаған Илон Маскпен арадағы сұхбатында айтылған.
Tesla, SpaceX және Neuralink технологиялық компаниялардың негізін
қалаған Илон Масктың айтуынша, алдағы бірер жыл ішінде
коммуникациялық құрылғылармен байланыс құрып жұмыс істейтін
чип-имплант адам организміне кіріктіріле бастайды. Ми жарақатынан
зардап шеккен пациентке емдеу шарасы ретінде қолданып көреді. Десе
де Илон Маск бұл бағытта алда атқарылар шаруа шаш-етектен екенін
айта келіп, денсаулыққа теріс әсері жоқ, яғни, қандай да бір зақым
келтіру қаупі жоқ құрылғыны адам миына кіріктіруді бастайтынын
мәлімдеді. Яғни, мидың бұзылған қызметін қалпына келтіру
мақсатында орнатылады. Neuralink жүйесі көру және есту қабілетін
немесе қозғалыс функциясын қалпына келтіріп қоймай, сонымен
қатар, ми ауруларын емдейтін болады. 
Илон Маск болашақта Neuralink жүйесі негізінде адам мен жасанды
интеллекті симбиозына айналатын компьютер мидың толыққанды
интерфейсін жасауға бел байлап отырғандарын жеткізді. Оның
айтуынша, мұндай интерфейс биологиялық миды «супер
интеллектуалды» қондырма арқылы мәліметтердің көп мөлшерімен
қамтамасыз етеді. Бұл жайт өз кезегінде адамның жасанды интеллекті
мүмкіндіктерінен қалыс қалып қоймауына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет