Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет116/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   146
Е.А. Таланов
 
Қазақстанның экологиялық-экономикалық дамуының стратегиялық ықтимал болжамы 
Мақалада Қазақстанның стратегиялық матрицалары қарастырылып жəне мемлекет дамуындағы 
құрастырушылардың үлесіне баға берілген. Табиғи, əлеуметтік, экономикалық орта нысандарының өзара 
əсерін кешенді бағалау барысында жүйелердің тұрақсыздану тəуекелдері ұсынылған. 
 
 


ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31) 
 
119 
E.A. Talanov
 
The strategic likelihood forecast of ecologo-economic development of Kazakhstan
 
Factors of strategic matrix of Kazakhstan are considered and estimation of contribution components in state 
development is given. It is offered to consider risks of destabilization system at a complex estimation of interaction 
objects of the natural, social, economic environment.
 
Статья рекомендована к печати 
д.г.н., проф. А.В. Чигаркиным 
(кафедра физической географии и геоэкологии) 
 
 
 
 
ƏӨК 504.06 (911. 52) 
А.Қ. Толепбаева 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
«Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі АҚ
 «География Институты» ЖШС, Алматы қ. 
 
Мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі орман шаруашылығының экологиялық 
жағдайлары жəне оны қорғау мəселелері қарастырылған. 
Қоршаған ортаға өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтар, олардың 
ластандыру дəрежесі мен адам денсаулығына əсері жəне санитарлық–гигиеналық маңызы 
көптеген ғылыми еңбектерде қарастырылған. Дегенмен, аймақ бойынша табиғи 
ландшафттардың динамикалық ерекшеліктерін кешендік тұрғыда зерттеген ғылыми 
жұмыстар жоқтың қасы. Қазақстан Республикасының көптеген облыстары мен өлкелерінің 
табиғаты экологиялық апат аймағына айналып отырғаны белгілі, сол себепті қазіргі кезде 
дүние жүзінде де, Қазақстанда да табиғатты қорғау шаралары қолға алынуда /1/. 
Қазақстан аймағының да көптеген жерлері қорғауды қажет етеді, сол табиғи 
табиғаттың бір бөлшегі жəне таза ауаның фабрикасы жəне қорықтың ең басты 
байлықтарының бірі болып саналатын, ормандардың ауданы 3,8% жерді алып жатыр. Бірақ 
болашақта, яғни «Қазақстан – 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1%-ға дейін көтеру 
жоспарланған, себебі біздің елде орман аз таралған. Қазақстан Республикасының əр жылдағы 
орман қорының жалпы ауданының өзгеруін төмендегі кестеден көруге болады (1-кесте). 
Сонымен, жалпы Қазақстан Республикасының орман қоры 2009 жылы 28,4 млн. га. 
құрады. Ең ірі орманды аумақтар – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік 
Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. Қазақстанның 2010 жылдың 1 қаңтарындағы 
орман қорының көрсеткіштерін, олардың облыстар бойынша таралуының нақты 
мəліметтерін, төмендегі кестеден көруге болады (2-кесте). 
Негізінен, еліміздегі ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы 
ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-
қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл 
ормандары /2/.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет