Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет118/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   146
ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31) 
 
121 
жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50% сəйкес 
келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1% ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар 
Алтай мен Тянь-Шаньда, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы 
өлкесінде өседі. Олардағы негізгі басым түрлер - самырсын, шырша, сібір самырсыны 
ағаштары болса, екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань 
шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр /3/. 
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары 
бірінші орында. Жалпы Шығыс Қазақстан аймағының ормандарының өзі, Қазақстан Алтайы 
мен Саур жəне Семей аймақтарының қою қылқанды тайгалы мен жалпақ жапырақты 
ормандарынан, Ертіс маңының қарағайлы орманды жолақтарынан жəне Қазақтың ұсақ 
шоқысы мен Тарбағатайдың далалық шоқ ормандарынан тұрады. 
Аймақтың мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы, 3,6 млн. га. құрайды. Шығыс 
Қазақстанда барлық Қазақстанның ағашты пайдалану қорының 70% шоғырланған. 
Аймақтың ормандылығы 6,2% құрайды. Негізгі орманды қалыптастырушы түрлер - қарағай, 
самырсын, шырша, сібір самырсыны жəне балқарағай.
Орман шаруашылығын жүргізу үшін, аймақта 13 мемлекеттік орман шаруашылығы
жұмыс жасайды, олардың негізгі міндеттері орманды өрттен жəне өздігімен рұқсатсыз 
кесуден қорғау, орманды қалпына келтіру, орман сақтау шараларын іске асыру.
Облыстағы орманның ауданы, болған өрттің нəтижесі мен көп көлемдегі өздігімен 
рұқсатсыз кесулердің жəне үлкен аудандарда зиянкестердің таралуымен азайып кетті, Ертіс 
маңының қарағайлы орман жолақтарының үлкен аудандарында ормандарды қалпына келтіру 
нашар жүруде. 
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қорының аумағында 2257 орман өрті орын 
алды. Бұл өрттердің 70%-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. 
текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, 
Қарағанды, Алматы облыстарында болды. 50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен 
ағаш аурулары анықталды /4/.
Орманның тозуы антропогендік жəне табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, 
Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының 
деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге 
жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едəуір зардап шекті. 
Далалық орманның, аса бағалы қарағайлы орманы ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің 
реттеліп тежелуінен жəне өрттен тоғай қатты тозып, сиреп кетті. Оның ішінде сирек 
кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы 
онжылдықта осы тұқымның 30%-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары 
табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті. 
Орман шаруашылығындағы көптеген шешімі қиын, күрделі мəселелердің 
туындауының əр түрлі себептері бар. Мысалы, бақылау қызметінің қысқаруынан, сондай-ақ, 
көптеген орман қорғау кəсіпорындарында мамандар мен қазіргі жаңа озық техниканың 
жетіспеушілігінен немесе іс жүзінде мүлдем жоқ болуынан, зиянкестер ошағы мен орман 
ауруларының көбеюі, өртті тоқтата алмау жиі туындауда /1/. 
Осыған орай, Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал жəне 
тозу үдерісі, орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл жəне кесімді 
шараларды қабылдауды талап етеді. 
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша, 
Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет. 
Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6%-ға 
жеткізу, Павлодарда – 4,0%, Ақмолада – 3,8%, Ақтөбеде – 3,9% жеткізу жобаланған. 
Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік жəне батыс облыстарда 3,3%-ға 
дейін көтеру керек. Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман 
белдеуіне 3,5%-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет