Microsoft Word Послед doc


жігіті боп , қабысып кеткен  адам



Pdf көрінісі
бет23/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
treatise527

жігіті боп
, қабысып кеткен 
адам
.
2. Досыңа, қатын-балаңа 
қатты боп
, қайда барасың өзің?
3. Күн
 ашық
 
болғанмен
, шытқыл 
аяз екен

4. Көлқайнар суы мөлдір, мол 
бұлақ болғанмен
, кең 
қоныс емес

5. Абай өзі қандай 
шарасыз болса
, олар да 
сондай

6. Сырт ажарлары шынымен егілген, есінен танып, бауыры езілген 
кісілер тəрізді

7. Қазірде Абай көңілі қандай 
салқын болса
, Ділдə да сондай 
жалынсыз

Осы сөйлемдерде мынадай баяндауыштар бар:
– жігіті боп – тəуелдік жалғаулы зат есімге көсемше тұлғалы бол көмекші 
етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған; 
қатты боп – сапалық сын есімге көсемше тұлғалы бол көмекші 
етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;  
– ашық болғанмен – сын есімге көмектес жалғаулы есімше тұлғалы бол 
көмекші етістігі арқылы жасалған, басыңқы сыңарының
 
баяндауышы аяз екен – 
зат есімге екен көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;  
бұлақ болғанмен зат есімге көмектес жалғаулы есімше тұлғалы бол 
көмекші етістігі арқылы жасалған, басыңқы сыңарының баяндауышы қоныс 
емес – зат есімге болымсыз етістігінің түйдектелуі арқылы жасалған;
шарасыз болса – дегенде сын есімге шартты райлы бол көмекші 
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған; басыңқы сыңарының баяндауышы сондай 
-дай жұрнағы жалғанған сілтеу есімдігі арқылы жасалған; 
– басыңқы сөйлемнің баяндауышы кісілер тəрізді – дегенде кісілер сөзінің 
баяндауыштың қызметін нақтылай түскен тəрізді модаль сөзі.
– бағыныңқы сыңарының баяндауышы – салқын болса – сын есімге 
шартты райлы бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған, басыңқы 
сыңарының баяндауышы жалынсыз сын есімі арқылы жасалған. 
Осы баяндауышты сөйлемдердің бəрі де құрама баяндауышты есімді 
сөйлемдерді құраған. Осы баяндауыштардың құрамындағы негізгі мағынаға ие 
жігіт, қатты, ашық, аяз, бұлақ, қоныс, шарасыз, кісілер, салқын, жалынсыз – 
зат есім, сын есімдерді сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде 
өздері де жұмсалады. Осы аталған баяндауыштардың қатысы арқылы тек 


40
салалас құрмалас сөйлем жасалған болар еді. Сонда бұл сөздерді сабақтастың 
бағыныңқы сыңарында жұмсалуындағы боп, болғанмен, болса көмекші 
етістіктерінің негізі бол көмекші етістіктері. Бұл көмекші сөздер: олардың 
көсемше, түрлі септік жалғаулардағы тұлғасы жоғарыдағы сын есім, зат 
есімдерді сабақтас есімді құрмалас сөйлемдердің тиянақсыз бағыныңқы 
сыңарын құрауға себеп болады. Сонда етістікті сөйлемдердің баяндауыштары 
есімше, көсемше, шартты рай, тіпті шылау арқылы жұмсалуы енді есімді 
құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарлары есімдерге түйдектелетін 
көмекші етістіктерге тікелей байланысты. Өйткені ондайда қатысты көмекші 
етістіктер де көсемше, есімше, шартты рай тұлғаларда келуі арқылы есімдерді 
баяндауыш қызметінде ауыстыруда үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ құрмалас 
сөйлемде құрмаластырушы дəнекер сөздер, яғни сабақтас құрмалас үшін 
шылаулар, ал салалас құрмалас үшін жалғаулықтар дейтін принцип есімді 
құрмаласта да сол қалпында қалатын сияқты. Осы пікірлер бойынша, мынадай 
қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, есімдер, көмекші етістіктер қандай 
тұлғаларда баяндауыш болуы белгілі болса, екіншіден, есімді құрмалас 
сөйлемдерді байланыстыратын дəнекер сөздер айқындалады.
Бұрын құрмалас сөйлемдерді байланыстырушы дəнекерлер ретінде 
көбінесе етістіктің тұлғалары (есімше, көсемше, шартты рай, шылаулар) туралы 
ғана айтылатын.
Етістіктің тиянақсыз тұлғада келуі арқылы сабақтас құрмалас, ал етістікті 
баяндауыштардың тиянақты тұлғасы арқылы салалас құрмалас сөйлем 
жасалады деп айтылатын.
Есімді құрмалас сөйлемде: 
– біріншіден, есімдер қатысады; 
– екіншіден, əр сөйлемнің өзіндік тұлғасы есімді баяндауыш жасауға негіз 
болады. Оның өзі əрі есім сөз табының тұлғалық ерекшелігіне сай жұмсалады.
Мысалы:
Зат есім:
– нөлдік тұлғалы; 
– көптік; 
– тəуелдік; 
– жіктік; 
– септік жалғауларда, сондай-ақ ол сөздерге түйдектелген көмекші етістік, 
модаль сөздер, демеуліктер, көмекші есімдердің де қатысуымен жасалады. 
Есімді құрмалас сөйлемдегі байланысу тəсілдері бұрынғы аналитикалық, 
синтетикалық тəсілдердің негізінде жүзеге асады. Мысалы, аналитикалық 
тəсілге бұрынғы келгеннен кейін сияқты есімшелі түріне бұдан былай 
есімдердің де, көмекші сөздердің де септелуі қосылып, оның аясын кеңейтеді 
де, байланыстырушылық дəнекерлер есім сөз таптарының өзінен де жəне түрлі 
көмекші сөздер арқылы жүзеге асады екен.
Есімді құрмалас сөйлемдер мен етістікті құрмалас сөйлемдердің 
семантикасы да көп назар аударуды қажет етеді. Дегенмен, бұл жерде мынаны 
да ескеруіміз керек. Біріншіден, есімді құрамалас сөйлем мен бір сыңары 


41
есімді, бір сыңары етістікті сөйлемдердің ара жігін ажырату да күрделі мəселе. 
Етістікті сөйлемдердің негізгі мақсаты қимылдың əр уақытта болуын, ойдағы 
мақсаттың əр түрлі екенін нақтылап айту жағынан нақты көрініс тапса, есімді 
құрмалас сөйлемде ондай сөйлемдердің қай сөз табынан болуымен 
ерекшеленеді. Себебі зат есімді құрмалас сөйлем мен сын есімді немесе сан 
есімді сөйлемдердің мағынасы бірдей деп айтуға болмайды. Себебі олардың 
əрқайсысының сөйлемді тиянақтаудағы мағынасы олардың сөз табына қарай 
десек, екіншіден, олардың əрқайсысының тұлғасына да келіп тіреледі. Мысалы: 
зат есімнің нөлдік тұлғасы арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер мен зат есімге 
түйдектелген көмекші есім, модаль сөздердің мағынасы əр түрлі. Əрине, ондай 
есімді сөйлемдер нақты заттық мағынаны, мекендік, тəуелдік, көптік 
үғымдарды қоса айқындайтыны мəлім. 
Есімді құрмалас сөйлемдердегі сөйлемдердің орналасу тəртібі тура 
етістікті сөйлемдердегі сөйлемдермен бірдей деп айтуға болады.
М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді жай жəне 
құрмалас сөйлемдерді арнайы қарастыру барысында сөйлемдердің:
– есімді сөйлемдегі байланысу тəсілдері нақтыланды; 
– есімді сөйлемдерді айқындауда əрбір есімді сөз табының морфологиялық 
өрісі кең айқындалды; 
– есімді жай жəне құрмалас сөйлемдердің семантикасында да өзіндік даму 
процесі кеңейді; 
– есімді жай жəне құрмалас сөйлемдерді енді арнайы жаттығулар 
жинағына, əр түрлі оқулықтарда тақырып ретінде қарастыруды қажет етеді. 
М. Əуезов «Абай» романының кезінен кейінгі əдебиеттер түбегейлі 
етістікті сөйлемдер мен ғана берілуде. Жалпы М. Əуезов қазақ тіл білімінде 
есімді сөйлемдерді практикалық та теориялық жағынан алғаш дəріптеуші 
ғалым. Бұл автордың тек əдебиетші ғана емес, тілден де хабары бар екенін 
көрсетсе керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет