1.3 М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді
сөйлемдердің қолдану аясы
Қазақ əдебиетінде есімді сөйлемдерді өзінің «Абай жолы» роман-
эпопеясында ең мол қолданған кемеңгер жазушы, көрнекті сөз шебері
М. Əуезов.
«Абай эпопеясының тілі бай, орамды. Ол қазақ халқының сөйлеу тілі мен
фольклорының жəне жазба əдебиетінің сөздік қорын мол қамтып бойына
сіңірген тіл. Сол себепті бұл шығарманы сөз байлығы жөнінде қазақ тілінің
қымбат қазынасы дей аламыз. Біз өзімізді қазақ тілін орташа білетін оқушының
қатарында алғанның өзінде, романда бұрын тіпті білмеген не мағынасын анық
түсінбеген сөздеріміз аз кездеспейді. Ондай сөздер «Абай романы» арқылы
қазақтың əдеби тілінен заңды орнын алып, кең пайдаланылып кетті. Мысалы,
шынайы, шытырман, шатқалаң, паш ету, нөпір, арандау, шат-шадыман, түс
шайысу, əктеу, танаурау, иен, жұрт, тоқмейіл, – деген сөздерді əдебиет тіліне
Мұхтар енгізген. Сонымен қатар, бастапқы мағынасынан ажырап, көнерген
42
сөздер де Əуезовтің қолдануында жаңа мағынаға ие болып, жаңғырып
шыққанын білеміз. Мысалы: қыжыл, əбзел, күдіс, қырбай, сығыр, үйездеу,
опаздау, бақыл болу, – сияқты сөздер жөнінде осыны айтуға болады.
Мұның бəрі Əуезов тілінің сөздік, лексикондық жағы. Ал, бірақ
жазушының тіл шеберлігі тек оның лексикон байлығымен ғана өлшенбейді.
Əсіресе сол байлықты жазушының шығармада қолдану шеберлігімен, яғни
синтаксистік құрылысымен өлшенеді. Осы жағынан алғанда, Мұхтардың
шеберлігі ерекше» [45, 151-152 бб.]. Кемеңгер жазушы, ғалым М. Əуезовтің
əлемге əйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы академик Қ. Сəтпаевтың:
«Əуезовтің «Абай» романы аса көрнекті көркем шығарма ғана емес, ол сондай-
ақ үлкен бағалы ғылыми еңбек. «Абай» романына əр саласының мамандары
назар салмай өте алмайды. Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін
ғалымдардың бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан
фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ əдеби тілінің тууы
мен қалыптасуын көреді...», – деп сонау қырқыншы жылдары айтқан сөздері
бүгінде өзекті мəселеге айналып, эпопеяның жан сырына қаныққысы келетін
саналы адамға шам-шырақ тəрізді [46, 38-39 бб.]. Содан бері роман-эпопея
хақында көптеген монографиялық еңбектер мен ғылыми зерттеулер, мақалалар
жарық көрді. Алайда уақыт озып, жылдар өткен сайын ұлы шығарманың жаңа
қыр-сырлары ашылуда.
«М. Əуезов романдарының көркемдік қуатының ең негізгі тамырларының
бірі оның тіл шеберлігінде. Жазушы тілінің шеберлігі, оралымдығы оның
авторлық баяндауларынан да, табиғат суреттерінен де геройлардың сөздік,
портреттік сипаттарынан да əрдайым айқын сезіліп отырады. Қазақтың
ғасырлар бойы жасалып, молығып келген тіл байлығын жазушы жете игерген
жəне сонысын өзінің романдарында мейлінше мол əрі шебер пайдаланған.
Яғни, ол туған тілінің бойынан бейнелілік мол қуат тапты. Бұл заңды да.
Өйткені қандай сөз суретшісі болмасын тыңнан тіл жасай алмақ емес. Бірақ ол
халық тілін молықтырады, оны жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байытады, ол
өз халқының тіл байлығын мол пайдалана отырып, қазақтың əдеби тілін жаңа
биікке көтерді. Бұл ретте М. Əуезов романдарының атқарған рөлі ерекше.
Жалпы алғанда, қазақтың қазіргі əдеби тілінің байлығы мен алуан түрлі қырын,
оның суреттеушілік мүмкіншіліктерін М. Əуезовтің Абай туралы романдары
мейлінше анық танытты»
[47, 136 б.].
«Абай жолы» - Мұхтар Əуезовтің бас кітабы. Мұхтар Əуезов жазушы
ретінде эпос пен драманың шағын түрлерінен күрделі жанрларына дейін, одан
əрі ұланғайыр ғасырлық шындықты туған халқының тарихи тағдырымен
тамырластыра танытқан керемет кең құлашты эпопеяға дейін самғап, парлап
көтерілген теңдесі жоқ сөз зергері болса, ғалым ретінде баяғы бағзы дəуірден
күні бүгінге дейінгі бүкіл дүниежүзілік əдебиет пен өнер құпияларын бір
басына сыйғызған білгір зерттеуші, сол əлемдік əдебиеттің фонында қазақтың
ұлттық сөз өнерінің өсіп-өрбу процесін жіті қадағалап, жете талдап, тағы да сол
бүкіл əлемдік биік тұрғыдан пікір түйген əділ сарапшы да, ұстаз ретінде сан
43
мың шəкіртті аузына қаратып энциклопедиялық біліміне кенелткен тамаша
тəрбиеші бола білді» [48, 294-295 бб.].
«Абай» тарихи романының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы
1947 жылы жарыққа шыққан. 1949 жылы дилогияға ҚСРО Мемлекеттік
сыйлығы берілді. Ұлы ақын жəне оның халқы туралы тарихи романдар
топтамын одан əрі жалғастырған «Абай жолы» да екі кітап – дилогия: бірінші
кітабы 1952 жылы, екінші кітабы 1956 жылы түзетіліп басылып шықты.
Сөйтіп, «Абай жолы» деген кітап өзара тұтасқан төрт том (тетралогия)
1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды» [48, 262-263 бб.].
«Абай» тарихи романының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы
1947 жылы жарыққа шыққан. Екі кітабы 1948-1949 жылдары қазақ, орыс
тілдерінде қатар жарияланды. 1952 жылы жəне 1956 жылдары түзетіліп, қайта
басылып шықты. «Өз кітапханасында осы шығарманың 1948-1949 жылғы
басылымында (1,2 кітап) бөтен біреудің қолымен түзету енгізгендері бар. Бұл
1952 жылы шығатын басылымға дайындаған адамның редакторлық жасағаны
сияқты. Автор бұған келіскен болуы керек, себебі кейінгі басылым сондағы
көрсетілгендер бойынша кеткен. Басылу барысындағы корректураны қарап-
қарамағаны белгісіз, бірақ қолжазбаны ұсынар тұста мейлінше қатты көңіл
аударған; əрбір сөз, сөйлем көзі түсіп кетсе болды, өңдеп жөндеуді тіленіп
тұрған сияқтанған. Мұндай əрекеттер əрбір басылым тұсында үздіксіз болып
тұрған. Егер алғашқы басылымдарда «еді», «екен» сияқты сөздер мол кезіксе,
кейін бұлар келіп-келіп соңғы басылымда мүлде сыпырылып қалған, кейде
орнын басатын басқа сөздермен алмастырылған. Олар: «Мұның бəрі қиялап
айтқанда Құнанбайдың қошаметі еді», «Мына мінездерін кешіргендей еді»,
«Салғырттығы жоқ, сергек, қатал күзетші еді» дегендей болып кете барады»
[49, 597 б.].
М. Əуезов: ««Абай мектебі» жөніндегі өз қателерімді тереңдеп ұғыну
нəтижесінде ғана мен романымды қайтадан көп өзгертіп жаздым. 1951 жылы
«Знамя» журналында «Абай жолы» деп жаңадан ат қойып, жаңадан түзеп жазып
шыққан сол романыма сегіз баспа табақтай түзетулер кіргіздім. Осы соңғы кітапта
Абайдың Кенесары қозғалысына да жəне ол жайында поэма жазушы Көкбайға да
қатты сынын айтқыздым. Абай Көкбай мен Кенесарыны жирене сынаған
уақытында əсіресе олардың Россияға жаулығын əшкерелейді, өзінің қараңғылық
қорлықта жүрген елінің бар үміті, бақытты болашағы тек Россиямен достық
арқасында ғана туатынын ойлап отырып жаңағыларды айыптайды.
«Ақын аға» романында жаңағы аталғандай өрескел қателіктер
болғандықтан мен сол кітабымды ұлы ақынның қасиетіне сай шығарма деп
танымаймын. Ол кітапты солайша мансұқ етіп, оның орнына оқушы
жұртшылыққа Абайды тану жөнінде жіберген қателерім турасындағы
партиялық сынды ескеріп отырып жазған «Абай жолы» атты романды
ұсынамын. Осы айтылғанға байланысты сол «Абай мектебі» дейтұғын
мəселенің жөніндегі өз қателерімнің тамырын ашу қажет деп білемін. Бұл
мəселе 1933 жылдан бері қарай Абайды тану жөнінде менің сыңаржақ сипаттап
келе жатқан бір қателігім боп келді» [50, 26-27 бб.].
44
М. Əуезов «Абай» эпопеясының екінші басылымында романның бірінші
жəне екінші басылымының арасында есімді сөйлемдердің берілуінде үлкен
айырмашылық бар.
Осыған дəлел 2007 жылдың тамыз айының 29 жұлдызында «Ана тілі»
газетінде
жарияланған
академик-жазушы
Зейнолла
Қабдоловтың
зерттеулерінде: «Бұл буржуазиялық объективизм əдісімен жазған екен ғой.
Мұнда таптық деген де жоқ, партия деген атымен жоқ» деген Сəбит
Мұқановтың сөздерін келтіреді. Содан: «Қалған екі кітапты, Мұха, социалистік
реализм əдісімен жазуыңыз керек»,– дедік бүкіл бащамыздан кещемізге дейін
жамырап. «Сөйтіп, ақыры соңғы екі кітабы алдыңғысынан қатты бөлек болып
шыққан байқасаңыздар», – деп жазады [51, 4-5 бб.].
Біз де өз жұмысымызда романның алғашқы басылымы мен екінші
басылымының мəтінін салыстырып біршама айырмашылықтарды байқадық.
1-кесте – М. Əуезовтің 1942, 1947 жылдары алғаш жарық көрген «Абай»
романы мен 1961 жылы қайта жарық көрген «Абай жолы» роман-эпопеясының
айырмашылығы
Достарыңызбен бөлісу: |