Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет32/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:
treatise527

Лермонтов. Оның бірі - жеңге, бірі - Тоғжан.
-Осы іспетті топонимикалық атаулар баяндауыш қызметінде жұмсалады. 
Бұл Бөкенші мен Борсақтың көші. Барлық атшабар, старшын, билер де бүгіндер 
Бақанас бойында.
2. Жалпы есімді сөйлемдер. 
-Түбір тұлғалы зат есім сөйлемдер: Олардың бəрін еліктіріп, аса қыздырған 
жалғыз бір шырқаған асқақ үн ол - əн. Ұлжан тартымды болумен қатар
сыншы да ана. Түбі, бəрінің де бағатын таразысы – ел. Ол мінезі жеңіл, білімге 
шолақ адам. Осы малды бағарлық бұтарттары бір ғана қоңыр ат. Ол да 
еңгезердей мықты жігіт.
3. Жіктік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Тоғжанбысың сен? 
Жасаған-
ау,
 Абаймысыз? – Уəй, Манаспысың? – Жатақ деген бір тайпа елміз. «Біз – бай 
ауылымыз, сен – күңге лайық кедейсің, – Мен Ибрагим Құнанбаевпын. 
Халықтан шыққан жұпыны кісімін, – деді. Сүгір – бай, мен кедеймін.
4. Көптік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Ол – ақындар. Бұлар – қазір 
төрдің дəл ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды 
шынтақтаған сал серілер. Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі кітаптарымен 
қатар, тілін Абай қиналып түсінетін араб, парсы жəне олардан көрі де əлі 
ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар. Осы отырған бес-алты адам дəл 
қазіргі күйінде пəлен үй. Тобықтының талай түйін, шытырман жайларын осы 
араға жиып əкеп отырған адамдар. 


60
5. Көптік жəне тəуелдік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Құнанбайдың 
жан күйер жақындары. Ол Найманнан келетін Бөжейдің нағашылары. Тегіс 
өзіне мəлім ағайын, туысқандары. Ол Бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің 
көштері.
6. Тəуелдік жалғаулы зат есімді сөйлемдер: Нұрғаным Бердіқожа дейтін 
қожаның қызы. Бақанас, Байқошқар - бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені.
Зат есімдер - нікі,-дікі,-тікі қосымшасы арқылы: Шетінен кішкене шағын 
қоңырқай үйлердің орта тұсында тек сырты ғана бүтін жеңіл үй Базаралынікі. 
Бұйрық ұлықтікіҚұнанбай мен Майбасардікі... 
7. Септік жалғаулы есімді сөйлемдер: Менің талабым – талап, өрісім 
алдымда.
Сөйлеуде бірнеше заттардың байланысына не бірнеше құбылыстарға 
негізделген ойлар өзалды тұлғалық тиянақтылықтағы жеке жай сөйлемдердің 
мағыналық, грамматикалық қатынаста іргелес келіп жұмсалуымен де беріледі. 
Мұндай жай сөйлемдердің бірқатарында баяндауыш, септік формалы зат 
есімнен болатыны сияқты, барыс, жатыс, шығыс, көмектес те формалы зат 
есімнен жасалады.
Түркі тілдерінде баяндауыштардың жасалуында көбінесе жатыс жалғаулы 
сөздер туралы көбірек сөз болады да, ал басқа септіктердің ондай кездегі 
қызметі онша елене бермейді. Ал қазіргі əдеби тіл материал баяндауыш 
қызметінде барыс, шығыс кейде көмектес жалғаулы сөздердің де 
жұмсалатындығын көрсетеді. Əрине, баяндауыштардың жасалуындағы бұл 
мəселе өзіндік бір күрделі мəселе. Дегенмен барыс, жатыс, шығыс жəне 
көмектес жалғаулы сөздер сөйлем ішінде қолданылып, меңгеріле байланысқан 
сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қолданылуға бейім болғанмен, 
енді ондай сөздердің өздері, біріншіден, сөйлемнің соңында қолданылып, 
екіншіден, сөйлемде тиянақтау дəрежесіне, яғни предикаттық қасиетке ие 
болғандығын көруге болады. Жатыс септігінде, ондай процесс бұрыннан бар 
құбылыс болса, ал басқа септіктердің де ондай қызметте жұмсалуы соңғы 
кездің жемісі [55, 148-149 бб.].
Жатыс септікті баяндауыш: Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек 
төсек, сол жасау тегіс орнында. Отырғандар əлі де дел-салда. Сол өнер орыста. 
Құнанбай қиналған күйде. Абай соңғы күрдерде, əсіресе осы түнде, өзіне бұрын 
дағдалы болмаған бір халде. Үйде өзің білесің, бай да жоқ, екі бала да сапарда. 
Қазір төр де, сөз де Майбасар мен Жақыпта. 
Тəуелдік жалғау мен жатыс септігі арқылы: Бірақ, барлық көрген –
сезгенім есімде. Ертеңгі күн бастарыңа не пəле əкелсе де, бар қайратым мен 
білгенім, сендердің жолыңда
Шығыс жалғаулы баяндауыш: Ол ықылас – кітап пен оқушы Абай 
арасында туған жақсы бір ұғынысудан. Осы, бəріңе кеп жатқан мол абырой, 
мынау батпан құйрық неден
Бұл – не Бөжейдің өлердегі өсиетінен, немесе артында ие боп отырған 
Байдалы, Байсал, Түсіптердің мінезінен.


61
Баяндауыштары шығыс септік формаларындағы зат есімдерден, сұрау 
есімдіктерінен, тұйық, есімше етістіктердегі синтаксистік амал арқылы 
қалыптасып жұмсалған. ІІІ жақ бастауыштың шығу мекені (қайдан, төркіні 
неден? Себебі (неліктен) сияқты сана-амалдың қатынаста (күйде) екендігін 
білдіреді. Мұнда да баяндауыштар соншалықты тиянақты, басым интонациялы 
болып келеді.
Жатыс, шығыс септік формалы есім баяндауыш түрлері де сөйлемде 
синтаксистік жəне морфологиялық та тəсілдер арқылы қалыптасып, 
баяндауыштарымен бағыныңқы қатынаста байланысып келеді.
Негізінде сын есім, сан есім, тек анықтауыш қызметінде жұмсалуы тиіс 
болса, есімдік осы үш сөз табының да қызметіне ие. Осы сөз таптарының 
ішінде заттық ұғымды білдіріп, ойды тиянақтауда зат есімнің орны ерекше 
деген қорытындыға келуге болады. 
Жалпы зат есімді сөйлемнің соңында баяндауыш қызметі негізінде 
жасалған есімді сөйлемдердің түрі бұл роман бойынша жан-жақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет